Сенбі, 23 Қараша 2024
2563 0 пікір 10 Тамыз, 2017 сағат 13:24

Солтүстікте Қоғамдық келісім кеңсесі ашылды

Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 85 қоғамдық келісім кеңесі қызмет халыққа қызмет ұсынып отыр деп , хабарлайды "Abai.kz" ақпараттық порталы.

Қоғамдық келісім Кеңесінің негізгі мақсаты ұлтаралық келісімді және қоғамда мемлекеттік органдары мен азаматтық қоғам институтының тиімді қарым-қатынасын қамтамасыз ету арқылы толерантты нығайту, сонда-ақ, қоғамдық бастамаларды қолдау және дамыту.

Кеңес құрамына қоғамдық пікірлердің көшбасшылары, қалалық және аудандық Кеңестердің төрағалары, этномәдени бірлестіктердің, жастардың, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

Қазіргі уақытта, облыстағы ірі кәсіпорындарында қоғамдық келісім Кеңесін құру бойынша жоспарланған, түсіндіру жұмысы өткізіліп жатыр, оның ішінде кездесулер, көшпелі жиындар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады, ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс істейді. Сондай-ақ, тамыз айының 4-і «Петропавловск Кондитер» ЖШС-де қоғамдық келісім Кеңесі жұмысын бастады. «Петропавловск Кондитер» өнімін тек Қазақстанның тәтті сүйгіштері ғана емес, Ресей, Қытай және Монғолияда да біледі. Кәсіпорын бір тәулік ішінде 2,5 мың тонна көлеміне жуық 150-ден астам өнім атауын шығарады. «Петропавловск Кондитер» басшылары тек өндіруді жаңғыртуға ғана емес, корпоративтік рух пен еңбек қарым-қатынасын нығайтуға да зор назар бөледі, сондай-ақ, қоғамдық келісім Кеңесін құру бастамасы болды. Кондитерлік фабриканың ұжымдарымен кездесуге Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблея хатшылығының меңгерушісі – Наиль Салимов, облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы - Рашид Надиров және еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Рашбиль Евдаев келді. «Қызылжар Су» ЖШС кәсіпорнында облыстағы бірінші қоғамдық келісім Кеңесінің жұмыс тәжірибесімен Фанис Литфуллин бөлісті. Ұжыммен әнгімелескен соң, басшылар фабрика қонақтарына экскурсия өткізді, олар цехтердің бірінде өнімді қалай жасайтын процессті көре алды.

2017 жылы аға сарапшылармен қоғамдық келісім Кеңестер қызметінің моделі әзірленді. Модельге сәйкес облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚХА кафедрасының ғылыми сараптама жасау тобының өкілдері  қоғамдық келісім Кеңес қызметінің ғылыми-аналитикалық зерттеу жұмысын жүргізеді және оларға әдістемелік сүйемелдеу жасайды.

Ерғали Берікұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475