Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2182 0 пікір 4 Маусым, 2009 сағат 16:05

ҰБТ 2009-да олқылықтар болмайды – БҒМ басшысы

Астана. 4 маусым. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. Бейсенбі күні таңғы сағат 9-да басталған ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) олқылықсыз өтеді, деп уәде етті ҚР білім және ғылым министрі (БҒМ) Жансейіт Түймебаев.

«Бүгін республика бойынша тестілеу басталды. Әрине, барлық ата-ана уайымдап отыр. Алайда біз, өткен жылдары болған барлық теріс жағдайлардың алдын алуға тырыстық. …Биылғы жылы олқылықтар болмауға тиіс», - деді Ж. Түймебаев бейсенбі күні қазақ гуманитарлық заң университетінде ҰБТ тапсыру қосынына келгенде.

Еске сала кетейік, өткен жылы Алматыда Орталықазиялық университетте ҰБТ-дан өткен 900 мектеп бітірушінің 825-і техникалық қатенің кесірінен оқуға түсу үшін қажет балл жинай алмаған. Мұндай оқиға Алматыдағы ҚазҰТУ және ҚАМЗА жоғары оқу орындарында да қайталанды. Талапкерлердің 70 пайызға жуығы ең төменгі балды да жинай алмай қалды. Нәтижесінде аппеляциялық комиссияға өз қателерін түзетуге тура келді.

БҒМ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Астанада ҰБТ-ны 3 234 адам тапсырып жатыр. Бүгін заң университетінде 525 мектеп бітіруші тестілеуден өтуде. Елордада ҰБТ тағы екі қосында – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және қазақ нуманитарлық заң университетінде өтіп жатыр.

Биылғы жылы білім және ғылым министрлігі түлектер мен олардың ата-аналарының тілегін ескере отырып, ҰБТ үшін бірқатар жаңалық енгізгені белгілі. Соның ішінде, емтиханды өткізу уақыты 3,5 сағатқа дейін ұзартылды, сондай-ақ, бір ағымдағы адамдардың саны 800 адамға дейін азайтылды. Тағы бір жаңалық ҰБТ өткен жылдардағыдай 5 күн емес, 7 күн бойы өтеді.

Бұған дейін білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев хабарлағандай, биыл 132 мың 461 түлек мектеп бітіреді, оның 108, 6 мыңы (82%) ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр.

Емтиханды өткізу ережелеріне сәйкес, талапкер қорытынды жария етілген соң келесі күні 13:00-ге дейін тест тапсырмасының мазмұны және техникалық себеп бойынша белгіленген қалыпта аппеляциялық арыз бере алады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440