Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Айбын 6966 1 пікір 8 Қыркүйек, 2017 сағат 18:08

Айбек - Әлем барысы

Астанада өтіп жатқан «Әлем барысы ‒ 2017» турнирінде Айбек Нұғымаров жеңіске жетті. Әлем барысы атанды. 

Финалдық күресте Айбек Гүржістаннан келген балуан Гурам Тушишвилиді жеңді. Таза жеңді.

Екі алыптың айқасы бастала сала гүржі балуаны бірден шабуылға шығып, бүк ұпайын иеленген. Алайда Айбек те есесін жіберген жоқ. Ұрымтал сәттің бірінде қарсыласын шалып жығып, таразы басын теңестірді.

Күрес  аяқталуға санаулы уақыт қалғанда Нұғымаров қарсыласын таза жеңіспен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, Айбек  «Қазақстан Барысы ‒ 2013» турнирінің жеңімпазы және екі дүркін қола жүлдегері (2012, 2017).

Ал гүржі балуаны дзюдодан Еуропа чемпионы (2017).

Айта кету керек, «Әлем барысы» атанған балуанға 15 миллион теңге сыйақы табысталады. Ал финалда сүрінген спортшы 5 миллион теңге иеленеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1356
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2936
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1008
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 948