Сейсенбі, 8 Қазан 2024
Дода 5913 0 пікір 8 Қыркүйек, 2017 сағат 20:55

"Алматы аренада" "ALASH PRIDE" атой салады

Арман "Сұңқар" Оспанов Алматы төрінде жекпе-жекке шығады. Ертең, 9-қыркүйекте «Алматы арена» спорт кешенінде «ALASH PRIDE» атой салады.

Жекпе-жек кешін Алматы қалалық әкімдігі қолдап отыр. Ал жекпе-жек додасын «ALASH PRIDE» промоутерлік компаниясы «АСВ» промоушенімен бірлесе ұйымдастыр отыр.

ММА турнирінің аясында белгілі қазақстандық спортшылар, “Alash Pride FC” өкілдері – Асылжан Бақытжанұлы, Евгений Егембердиев, Асу Алмабаев, Қаршыға Дәуітбек, Бахтияр Несіпбек пен легионеріміз Мурод Хантураев және Игорь Свирид айқасқа түспек. Турнирде сегізбұрышқа  жалпы 15 жұп жекпе-жекке шығады. Олар Ресей, АҚШ, Бразилия, Литва, Румыния және Тәжікстан сынды елдердің атышулы файтерлері.

Бұл кештің басты жекпе-жегі  – Арман «СҰҢҚАР» Оспанов  пен бразилиялық Тьяго «MANCHINHA» Луис Силва арасында өтеді.

Арман Оспанов –  әскери самбодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан әлем және ТМД чемпионы, әскери самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы.

Айта кетейік, «ALASH PRIDE – АСВ» турниріне белгілі америкалық UFC рефериі- Джон Маккарти мен Херб Дин өзінің әділқазылар бригадасымен төрешілік етеді. Ал UFC-дің үш дүркін экс-чемпионы Френк Мир тікелей эфирде аталмыш жекпе-жек кешінің комментаторы болмақ.

Abai.kz

0 пікір