Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5344 25 пікір 11 Қыркүйек, 2017 сағат 09:55

Қазақтың бір соры - рушылдық

Қазақтың соры көп қой. Кедейшілік, жоқшылық, жұмыссыздық, көреалмаушылық тағы басқа. Бірақ сол сорлардың ішінде, өзім үшін, ерекше тұрған сор бар. Ол - рушылдық.

Біз өзімізше ел болдық, анау болдық, мынау болдық деп кеудемізді соққылаймыз. Ал шындап келгенде рушылдық деген ұрып-өршіп тұр бізде.

Басы алтын болса да, Атырауда найман әкім бола ала ма?

Бес-алты тіл білетін адай Өскеменде әкім бола ала ма?

Қазақстанға еңбегі сіңген еңбекқор қоңырат Петропавлға әкім бола ала ма

Әлде ғылым мен білімді тауысқан арғын Шымкентке әкім бола ала ма?

Бола алмайды. Жеп қоямыз. "Ішімізден адам табылмады ма?" деген тізесі шығып кеткен сөз тіркесі шығады. Астанаға арыз жазамыз, ел ішінде іріткі саламыз. Қысқасы келімсекті қуамыз.

Біздің бөлімде 9 адам жұмыс жасайды. Сол тоғыздың барлығы тоғыз түрлі ру-тайпаның өкілі. Мақтанғаным емес, бірақ өмірде жек көретін екі нәрсем бар - ол РУШЫЛДЫҚ пен КЕДЕЙШІЛІК. Сол қағиданы барша атқа мінер ағаларымыз ұстанып, қазақты байытып, руларды ми-палаудай араластырып, бір ҚАЗАҚ ұлтын жасаса деген тілегім бар...

Самат Нұртаза

Facebook-тегі парақшасынан

25 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5411