Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3855 0 пікір 29 Қараша, 2010 сағат 05:03

Айдос Сарым. Марсель Прусттың сауалнамасы

Естерңізде ме, мектепте оқып жүрген кезімізде барлығымыз (бәлкім, барлығымыз болмаспыз) сыныптағы қыздардың қалың дәптерлеріндегі сауалнамаларға жауап беретін едік. Ондағысы «Сіз қай түсті ұнатасыз?», «Сүйікті кітабыңыз қандай?», «Қай тарихи кейіпкерге ұқсағыңыз келеді?» деген сынды қарапайым ғана сұрақтар.

Жақында, араға 23 жыл салып сыныптас жолдасымыздың туған күнінде сондай бір «қалың дәптерді» қайта оқудың реті келді. Жиналғандар достарымыздың бала кездегі жауаптарын дауыстап оқып, жауаптарымызға қарқылдап күліп, кәдімгідей қарық болып қалдық. Келесі кездескенде осындай қалың дәптерді жасап, тағы да толтырып, он не жиырма жылдан кейін оқып көрелік деп тарастық.

Күні кеше теледидардан Владимир Познердың бағдарламасын көрсетті. Ресей және американ телевизиясының майталманы студияға келген қонақтарына біздікіне ұқсас сұрақтарды қойып, оларын «Марсель Прусттың сауалнамасы» деп отырғаны біраз ой салды.

Естерңізде ме, мектепте оқып жүрген кезімізде барлығымыз (бәлкім, барлығымыз болмаспыз) сыныптағы қыздардың қалың дәптерлеріндегі сауалнамаларға жауап беретін едік. Ондағысы «Сіз қай түсті ұнатасыз?», «Сүйікті кітабыңыз қандай?», «Қай тарихи кейіпкерге ұқсағыңыз келеді?» деген сынды қарапайым ғана сұрақтар.

Жақында, араға 23 жыл салып сыныптас жолдасымыздың туған күнінде сондай бір «қалың дәптерді» қайта оқудың реті келді. Жиналғандар достарымыздың бала кездегі жауаптарын дауыстап оқып, жауаптарымызға қарқылдап күліп, кәдімгідей қарық болып қалдық. Келесі кездескенде осындай қалың дәптерді жасап, тағы да толтырып, он не жиырма жылдан кейін оқып көрелік деп тарастық.

Күні кеше теледидардан Владимир Познердың бағдарламасын көрсетті. Ресей және американ телевизиясының майталманы студияға келген қонақтарына біздікіне ұқсас сұрақтарды қойып, оларын «Марсель Прусттың сауалнамасы» деп отырғаны біраз ой салды.

Интернетке кіріп біраз гуглдауға тура келді. Сондағы тапқаным мынау. Аталмыш сауалнамаларға жауап беру 19 ғасырдағы Англия аристократтарының арасындағы «мода» болыпты. Викториандық Англияның бикештері үйіне келген қонақтардың барлығына өз «қалың дәптерлерін» ұсынып, бір типті сұрақтарға жауап беруді өтінген көрінеді. Тез арада ағылшын бикештерінің ермегі бүткіл Еуропаны, артынан басқа да елдер мен құрлықтарды шарлап кетеді. Осындай сауалнамаларға өз заманының барлық мықтылары жауап бергенге ұқсайды. Алайда, қыз-келіншектердің ермегін үлкен өнер мен мәдениет деңгейіне дейін француз жазушысы Марсель Пруст жеткізіпті.

Прусттың шығармашылығын зерттеген ғалымдар оның «өз сауалнамасына» екі рет жауап бергенін анықтапты. Бірінші рет 14 жасында өзінің замандасы, болашақ Францияның президенті Антуанетта Фордың «қалың дәптерінде» (1886 жылы), екінші рет - жиырма жасқа толғанда досының альбомында (1892 жылы). 14 жасар Прусттың жауаптары бар қалың дәптер 2003 жылы аукционда 120 мың долларға сатылып, бүгінгі күні Gerard Darel сән үйінің иелігінде сақтаулы тұр.

Жиырмасыншы ғасырдың басында жазушы Андре Моруа мен сыншы Леонс Пейар «Прусттың сұрақтарына» өз заманының ең мықты деген барлық жазушыларына жауап беруді ұсынады. 1952 жылдан бастап замандастарынан жауап ала бастаған Пейар 1969 жылы «Францияның жүз жазушысы «Прусттың сауалнамасына» жауап береді» деген кітап шығарады. Сол кезден бері 37 сұрақтан тұратын жылдам сұхбаттар «Марсель Прусттың сауалнамасы» атанып, француз және әлем әдебиетінің феноменіне айналыпты.

Мысалы, аталмыш Пейарға Ромен Гари мен Эжен Йонесколер былай деп жауап беріпті:

Прусттың сұрақтары

Ромен Гари

 

Эжен Йонеско

 

Сіздің ойыңызша, ең қатерлі жағдай дегеніміз не?

Егер сіз кедейшілікті меңзеп отырсаңыз, оның шеті мен соңы болмайды. Ең үлкен кедейшілік - ешкім қол жеткізе алмас жетістік

Адамның өлуі

Қай жерде өмір сүргіңіз келеді?

Барлық жерде, бар адамның ішінде, мыңдаған адамның өмірімен өмір кешу

Бір алыс жерде. Жоқ, қазір оны қаламаймын. Осында тұра берсем деп ойлап отырмын. Ия, мен Парижде тұрғым келеді. Тек Парижді оңтүстікке қарай сәл ғана жылжытса, шіркін!

Сіз үшін ең үлкен бақыт не?

Білмеймін

Денсаулық, жастық, махаббат, жартылай байлық не жартылай келейшілік

Адамдардың қай қылықтарын ең алдымен кешіру керек?

Зардабы үшін сол адамның өзі ғана жауап беретін және олар үшін ешкім құрбан болмайтын қылықтар

Нағыз қылмыс пен саяси топастықтан басқасының барлығын

Сіздің сүйікті әдеби кейіпкеріңіз?

Фабрицио дель Донго, Гекльберри Финн

Олар ауысып отырады. Үнемі ауысады. Бір кездері Достоевскийдің «Есуасы» ұнайтын

Сіздің сүйікті тарихи кейіпкеріңіз?

Мен тарихи кейіпкерлерге үлкен сақтықпен қараймын, себебі олардың барлығы дерлік жарымез және жартылай ойдан шығарылған. Бәлкім, Византия өнері суреттейтін Иса пайғамбар шығар

Ондайым жоқ. Дәл бүгінгі күні Де Голльге шыдаммен қараймын - атқа мініп тарих пен метафизиканың, жер мен көктің арасында тұрған қызық тұлға, бір сөзбен айтсақ, жеңіске жеткен Дон Кихот

Сіздің өмірдегі сүйікті әйел кейіпкеріңіз?

Дүниеде бар әйелдердің барлығы

Ондайлар жоқ. Тым ірі тұлғасы барларды жек көремін

Сіздің әдебиеттегі сүйікті әйел кейіпкерлеріңіз?

Сансеверина, Грета Гарбоға ұқсаса Анна Каренина

Өле сүйгендер

Сіздің сүйікті суретшіңіз?

Дәл қазір Ян Лебенстайн. Өлгендерден - Боннар

Ондайлар көп, әр кезеңде бар. Боттичелли, Ватто бар, Каналетто да, Ван дер Меер де, Тернер

Сіздің сүйікті музыкантыңыз?

Боб Дилан

Куперен дейін. О, жоқ, Моцарт!

Адамдардың қай қасиетін ерекше бағалайсыз?

Мәңгілік...

Ой еркіндігі, дос бола білу, ізгілік

Әйелдердің бойындағы қай қасиетті ерекше бағалайсыз?

Сезімталдық

Ой еркіндігі, дос бола білу, ізгілік

Адамдар бойындағы қай қасиеттерді тартымды деп санайсыз?

Шынайы рухани имандылық, нағыз биязылық, байсалдылық

Шығармашылық болар

Сіздің ең басты ермегіңіз?

Айта алмаймын.

 

Белгілі адамдардың қайсысы болғыңыз келеді?

Қызтеке болмаса Леонардоға ұқсағым келер еді

Өзім болсам

Сіздің мінезіңіздің басты ерекшелігі?

Экстремизм.

Мақтанымпаздық, ырықсыздық. Мен ызақор емеспін. Алайда менің абыройыма келсе ызқор да, кекшіл де бола білемін.

Достарыңызды не үшін құрметтейсіз?

Менің достарым жоқ

Достығын

Сіздің басты кемшілігіңіз?

Төзімсіздік

Шыдамдықтың жетіспеуі

Бақыт туралы арманыңыз?

Бақытты болу

Жұмақ. Мәңгілік.

Сіз үшін ең үлкен бақытсыздық не болды?

Аяқталған романның қолжазбасын жоғалту

Ол келеді. Ол - өлім

Өзіңізді кім болып сезінгіңіз келеді?

Мүмкін болса, Ромен Гари болып қала берсем

Өзім болсам, дұрысы сол

Сіздің сүйікті түсіңіз?

Қызыл

Ұш түс: көгілдір, жасыл және ақ-сары

Сіздің сүйікті гүліңіз?

Әйел

Наурызгүл, шегіргүл

Сіздің сүйікті құсыңыз?

Әйел

Мен құстарды ұната бермеймін. Ермек үшін тотықұс демесеңіз

Сіздің сүйікті жазушыларыңыз?

Пушкин, Стендаль, Конрад, Киплинг, Пруст, Мальро, Толстой, Казанова

Олар ауысып тұрады. Бұрынырақта - Стендаль, Достоевский, Кафка. Одан бұрын - Нерваль, Ален-Фурнье, Бальзак. Бір кездері - Мопассан. Қазір және мәңгі философ Платон

Сүйікті ақындарыңыз?

Пушкин, Виктор Гюго, Рембо

Баяғыда Рембо ұнайтын. Тағы да оқып шыққым келеді. Әрқашан Вийон. О, әрине, Бодлер!

Өмірдегі сүйікті кейіпкерлеріңіз?

Мен балалық шақтан шығып кеттім

Пастернак. Сократ.

Тарихтағы сүйікті әйел кейіпкерлеріңіз?

Мессалина, Византиялық Феодора

Мен білмейтіндердің есімдері

Сүйікті есімдеріңіз?

Сөзжұмбақты шешкендегілер

Жан, Жанна. "Жанна" маған «Жаннан» да бетер ұнайды

Бәрінен де бетер нені жек көресіз?

Бірден кесіп айту қиын. Ұзақ таңдай беруге болар. Бірақ, бәрінен де озып шығатын қасиеттер - тарлық пен расизм

Көзді шел басу, арамдық, қызғаныш.

Сіз жек көретін тарихи кейіпкерлер?

Наполеон, Симон де Монфор, Әулие Людовик

Тирандар мен фанатиктер

Сіз қайран қалатын әскери оқиға?

Қан майданнан қашу

Барлық жеңістер бірдей. Мен әскери жеңістерге қуанбаймын, алайда әрқашан Францияның жеңгенін қалаймын

Сіз жоғары бағалайтын реформа?

Мен оны әлі де күтудемін

Тұлғасының ісіне қол сұқпаушылық туралы заң

Қандай қасиетті бойыңызға дарытқыңыз келеді?

Тыныштық

Жауапсыз

Қалай өлгіңіз келеді?

Мазақтап отырсыз ба? Ешқалай!

Тәубеге келіп, тынышталып, үрейсіз және үлкен үмітпен

Дәл қазіргі көңіл-күйіңіз?

Мен жаңа ғана кәйіп туғызатын дәрі қабылдадым. Ең болмаса жиырма минут шыдау керек

Сенімсіздік. Бұл өзіме де жақпай тұр. Қырағы.

Сіздің ұраныңыз?

"Не болса о болсын!"

Мен оны әлі де іздеп жүрмін.

Осыған орай, «Абай порталы» замандастарымызды, жас ғалымдар, журналистер мен қаламгерлерді Марсель Прусттың сауалнамасына жауап беріп, сайтқа жіберуге шақырады. Адам мен оның көқарасы өзгермей тұрмайды. Тағы да жылдар өткеннен кейін өз жауаптарыңызға өзіңіз таң қалатын кез тууы да ықтимал. Біздер болсақ, осы жауаптардың барлығын порталда жариялап, қолымыздан келсе кітап қылып басып шығаруға уәде береміз. Аман болсақ, сол сауалдарды он, жиырма жыл өткен соң қайталап қоятын боламыз.

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5563