Жұма, 22 Қараша 2024
«Соқыр» Фемида 5468 25 пікір 19 Қыркүйек, 2017 сағат 08:35

Ермекбаев елімізде діншіл азаматтардың өсіп бара жатқанына алаңдайды

Қазақстанның дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың пікірінше, елде "діни мәдениеттің қалыптасуына" қарағанда "діншілдіктің тез өсіп, озғаны" байқалып отыр. Бұл туралы ол кеше Астанада парламент мәжілісінде өткен үкімет сағаты кезінде мәлімдеді деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Министрдің айтуынша, соңғы бірнеше жылда азаматтардың діншілдігінің жылдам өсуі "діни догмаларды сыни қабылдаудан", сонымен бірге "діни мәдениеттің дұрыс қалыптасуынан озып кеткен". Министрдің сөзінше, мұндай жағдай "отбасында және мемлекетте күрделі қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне әсер етеді".

Биліктің мәліметі бойынша, Қазақстанда қазіргі таңда азаматтардың шамамен 10 пайызы өздерін атеист немесе агностикке жатқызады, 75 пайызы құдайға сенетіндерін айтқанымен, діни әдет-ғұрыпты тұрақты сақтамайды, ал 16 пайызы өздерін барлық діни шарттарды орындайтын діндар санайды. Статистика бойынша, Қазақстанда жиырмаға жуық діни конфессияны қамтитын 360-тан аса діни бірлестіктер жұмыс істейді.

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5237