Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 12379 19 пікір 22 Қыркүйек, 2017 сағат 10:47

Жәбір көрген түрік бауырларына құшақ жайғандар қазақтар мен қырғыздар

Жазушы Таха Акйол 1996 жылы Алматыда Қазақ түрік лицейлерін аралап көрген болатын. Кейіннен қолға алған мақаласында Азиядағы Қазақүрік лицейлер ғажап. Әйтеуір Анкарадағы саясаткерлер Анадолыдағы Түркияға көлеңке түсірмесе болғаны...” деген еді.

Осы ойлы сөздің айтылғанына тура 21 жыл өтіпті. Қазіргі жеткен тұғырдан қарағанда өзгерген пәлендей ештеңе жоқ. Ол кезеңде Түркияны мемлекеттік идеологиясы бар күшімен «керітартпа» деген желеумен діндар отандастарға, әсіресе бүгін барлық жақтан биліктен жапа шегіп отырған «Қызмет» қозғалысы мүшелеріне «отанды сатқандар» дегендей қатынас жасаған болатын. Кешегі жәбір көрген, ал бүгін бұлбұлша сайрап жүргендер «террорист» деген жаламен сол дәстүрді бүгін де жалғастырып, Анадолы халқына көлеңке түсіріп келеді.

Тек көлеңке түсірумен шектелсе жөн болар еді, түбірімен құртып, жойып жіберуге бар күштерін салуға ант ішкендей кейіпте.

Бір жақсысы, осындай жауыз әрекетке жол бергісі келмейтін бүгінгі күні кең парасат иелері мен лидерлер бар. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктен бергі 25 жылдан бері үлкен жанқиярлық жасап, адам сенгісіз ерік ыждағатпен ізгілікті істерге мұрындық болған түрік ұстаздарға тағы да қамқорлық көрсетті. Қазақ пен қырғыз мемлекет басшылар ылғи да бірдей табанды қарсылық көрсетіп келеді. Өткен аптада болған жағдайлар әлі әлем, әрі Түркия тұрғысынан толық ғибрат боларлықтай еді. Түркия тұрғысынан да қара дақ болып тарихқа енді.

Бас қала Астанада БАҚ пен кездесу ұйымдастырған Назарбаев: Ердоған екі үш рет менен еліміздегі түрік ұстаздарды (қайтаруды) сұрады. Өткенде келгенінде тағы сұрады. Оған «Бізде жұмыс істеп жатқан мұғалімдер кінәлі болса, маған дәлел әкеліңдер. Бізде олар кінәлі емес, мен оларға ешқандай жамандық жасай алмаймын. Кінәсі жоқ адамдарды түрмеге қамап, не сендерге ұстап бере алмаймын. Мен үшін бұл мәселеге осымен соңғы нүкте қойылды» деді.

Осынжай  табандылық  көрсеткен Н. Назарбаев тек тілмен сайрағаннан басқаға жарамайтындарға сабақ болды ма екен? Әй, қайдам. Неге десеңіз, бұдан бір жыл бұрын жүзеге аспай қалған сәтсіз төңкерістен кейін мемлекет басшысы мен лидер ретінде Анкараға алғаш келген Назарбаев,  Анкарадағы БАҚ өкілдерімен кездескенде де дәл осындай пікір білдіріп, осыған ұқсас ұстанымын көрсетіп «Сіздер кінәлі деп отырған білім берушілер мен мұғалімдердің төңкеріске қатысты екендігі жайында дәлел әкеліңдер, соған қарай тиісті қадам жасайық» деген болатын.

Демек, арада өткен бір жыл үш айдай уақытта жала, қаралау, күйе жағу әрекеттерінен ары ештеңе аспады. Назарбаев мемлекет басшысы болумен қатар көрегендігі мол әрі стратег.  Одан да маңыздысы, құрметті Назарбаевтың жанұясы 88 жыл бұрын Анадолыда бүгін орын алған зұлымдықтарға ұқсас жағдайға тап болған. Сондықтан жәбір мен қысымның қандай жиіркенішті екенін жақсы біледі. Бұдан бөлек, әкесінің бастан кешкендері, қазақ халқының тартқан қилы тағдырын кітап етіп қалам тербеген, бұл ғасырдың диктаторларына дәріс іспетті тарихқа аманат еткен әрі қалдырған аса қадірлі мемлекет басшысы. Советтің кезеңнің барлық қиындықтарын білетін әрі бастан кешкен жан. Қытай мен Ресей секілді әлемнің екі елімен достық  қатынасын сақтап, АҚШ пен Европа елдерімен жақсы одақтастық саясатын  бүгінгі күнге дейін жеткізді.

Түркия секілді ешбір көршісімен кикілжіңі жоқ, керек десеңіз, Түркияны көрші елдерімен татуластыру ниетінде. Дүрдараз елдерді татулыққа шақырған бейбіт саясатымен әсіресе мұсылман елдерден бастап қазақ лидері бүкіл әлемге үлгі болуда.

Сириядағы бауырластар соғысын шиеленістіргісі келетіндерге осы жазықсыздардың қаны төгілуін тоқтату үшін бастаған Астана кездесулері осының нақты үлгісі. Түркияның Ресеймен бастаған стратегиядан жұрдай, дипломатиядан алыс, кисынсыз даудан кейін екі ел арасындағы дүрдараздықты реттеп арағайын болып татуластырған да құрметті Назарбаев.

Сырттай осыларда жүзеге асырып, іште елінде өмір сүріп жатқан 125 түрлі ұлт өкілдерін 1994 жылы Қазақстан халқы ассамблеясы шаңырағының астында басын қосып, қорғап, бейбітшілік пен толеранттылықта бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ете отырып, бүгіндерге жеткізді.Кеңестік режим құлағаннан жариялылық пен қайта құру белең алған уақыттан қазірге дейін елін үлкен сеніммен басқара отырып, бүгіндерге бастаған дара лидер. Осы себепті біреулер «аңыз адамға» баласа, енді біреулер «көреген саясаткер» деуде. Түріктер демократиялық жүйенің мызғымас талабы болған Парламенттік жүйені «бір адам» режиміне айналдырудың күресін жүргізіп, референдумға бет алған уақытта,  қазақтар елде жұмыс жасап келген Президенттік басқарудан бас тартқандарын әлемге хабарлады. Назарбаев құзіретінің біразын өз бастамасымен парламентке өткізді. «Еркіндік пен демократия жолында» кітабында жанұясы бастан кешкен зұлым мен еліне уәде еткен демократияны әңгімелеуде құрметті Назарбаев. Кітап қазақ халқына жазылғанмен бір қарағанда бүгінгі уақытта Анадолыда болып жатқан жауыз әрекеттер мен Қызмет қозғалысын езіп жаншуға бағытталған әрекеттерді баяндағандай әсер қалдырады. Анадолыда болып жатқан зорлықшыл әрі заңды белден басатын режимге ұқсас жағдайды Назарбаевтың отбасы мен туыстары да Совет кезінде бастан кешкен екен. Жағрапия мен уақыт басқа болса да,  фашизм барлық уақыт пен орында өзінің сойқанды кейпін көрсетуде. Сондай қуғын-сүргінге тап болған Мехмет Акиф Ерсойдың «Тарих қайталанады дейді. Егер өткеннен ғибрат алынса, ол қайталанар ма еді?» деген өлең жолдары бар.

Назарбаев кітабында өзінің туған, өскен ауылының трагедиясын былай деп әңгімелейді:

“1929 жылы Шамалған ауылы өздері ұғымын білмеген «ұжымдастыру» делінген сөзді алғаш рет естіген болатын. Әрине, бұл жағдай феодализмнен комунизмге өту еді. Қолдарынан жайылымы, мал мүліктері алынған ауыл адамдары Қазақстанның түрлі жерлеріне айдалды. Басқа аймақтан қуғынмен келген кулактар яғни жерлері алынған бай ауыл адамдары Шамалған ауылын басып қалды. Бірақ бұл бай ауыл адамдарының егінмен айналысуына рұқсат берілмеген болатын. Күрек, қайла алып,  тау арасынан жол салу керек еді. Кейіннен ашқан осы жолдарға «Тұтқындар жолы» делінді. Қазаққа күн көрсетпеу осылай басталды. Дөрекі, ызғарлы басшылар өз мүдделері үшін тап керісін шығарып,  ұжымдастыруды әсіре әрі жылдам жүргізуі жағдайды одан ары ауырлатты».

Нұрсұлтан Назарбаев 92 жыл бұрынғы драманы былай суреттейді: “1925-1933 жылдары аралығында ел басқарған Ф. И. Голощекиннің жиі қайталаған әрі жақсы көретін бір сөзі болатын: «Асыра сілтеу болмасын, Ашатұяқ қалмасын» дейтін. Жауыз пиғылдағы әрі қазақтардың жанын ауыртатын және бір сөзі мынау еді: «Қазақ ауылдарын Октябрь төңкерісімен құртамыз». Сол басшы осы айтқандарын істеді де».

Назарбаевтың әкесі Әбіш Советтің бұл істеріне шыдай алмай ауылын тастап тауды паналады. 1945 жылы соғыс біткенде барып ауылына қайтты. Анадолыда болып жатқан істердің бұдан несі кем? Голощекиннің егінмен айналысатын қазақ халқының қолынан қой, сиырын алып қоюы Анадолыда бүгін мал-мүлкін заңсыз тартып алып, жұмысы мен қызметінен қуылған 200 мың адам тағдырының талқаны шыққан кейпі емес пе? Не айырмашылық бар?

Елінен жылай-жылай жырақтаған Анадолы адамы мен ауылын бір ғасыр бұрын тастап кеткен қазақ мұхажирлар арасында айырмашылық байқайсыз ба?

Ал енді Анкараның түбінде 80 жасында Хатун Туғлукты мазарында да тыныш жатқызбағандар мен 66 жыл бұрын әуелі азаматтығын тартып алып, артынан Мәскеуге жерлеуге мәжбүр еткен Назым Хикметке жасалғандар мен арасында түсінік, сана тұрғысынан ұқсастық бар емес пе?

Әсілі кеше Назымға тыныштық бермеген,  аяуды білмейтін мемлекет басқарушылары мен бүгін Анадолының пікірлес адамдарына маза бермегендер арасында титтей де айырмашылық жоқ.

Кеше Назымға құшақ жайғандар орыстар еді.

Ал бүгін жәбір көрген түрік бауырларына құшақ жайғандар қазақтар мен қырғыздар. Сөз соңын орыс бір басшының Алматыда айтқан орынды пікірімен аяқтайық: «Совет Одағының өмірінде екі маңызды оқиға бар. Біреуі америкалықтардан бұрын Юрий Гагариннің Байқоңырдан ғарышқа ұшып барып келу, екіншісі осы аймақта ашылған түрік лицейлері». Орыс басшының және Таха Акйолдың тұжырымдарына қарап мынаған тағы да көз жеткізе түсеміз. Арада 21 жыл өтсе де Анкарада саясаткерлер «Анадолыдағы Түркияға көлеңке түсіруі доғарар емес».

Енес Жансевер

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354