Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4076 2 пікір 25 Қыркүйек, 2017 сағат 08:31

Белорус феномені

Қай дүкенге бармасам да, не зат алмасам да оның қай елден шыққанын сұраймын. Әдет боп кеткен. Байқағаным, осы күнде тұтынушы заттардың біраз бөлігі Белоруссиядан келеді екен.

Әсіресе құрылыс саласында Белоруссия заттары Түркия мен Қытайды ығыстыра бастаған. Әрине, оған белгілі бір деңгейде ЕО-тың ықпалы күшті. Десе де белорустардың еңбекқорлығы мен сапалы зат өндірушілігі күн санап артып келе жатыр-ау. Қытайдың өзі ет саудасында іргелес қазақ, орыс, қырғызды артқа тастап, белорустармен орасан ақшаға шарт байласты. ІТ саласында да белорустар әлемде ешкімнен кем емес, біздің миллиардтарға бағалаған контрактілеріміз солардікі. Бұл феноменнің түбі неде?!

Меніңше - генде. Белорустар ХХ ғасырдың басына дейін өздерін литвин деп келген, мәдени және ғылыми жетістіктері Ресей империясында ешкімнен кем емес болатын. Бұлар таза еуропалық ұлт, империялық ұлт (Великое Княжество Литовское), кешегісі ұлы xалық. Бүгінгі Белорустың Ресейдің құрамына толық кірген уақыты 1801 жыл екен Және бұл жайттарды еуропалықтар жақсы біледі. Тіпті еуроодаққа белорустар меніңше, украиндардан бұрын кіреді. Сөзсіз бұл елде кемшілік жоқ дей алмаймыз. Мәселен тілден кетіп қалған, ұлттық мектептері жоқ, Ресейдің ықпалы күшті, Лукашенко есерсоқтау.

Десе де жалпы потенциалдары жоғары. Сол себепті белорусқа мұрын шүйіре қарайтын жайымыз жоқ...

Дәурен Бабамұрат

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349