Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 6031 19 пікір 26 Қыркүйек, 2017 сағат 09:25

   EXPO-2017 көрмесінің арнайы кітабы шықты

 EXPO-2017 көрмесінің мәртебелі меймандарына арналған кітапқа 130-дан аса қолтаңба қалдырылыпты. Оған барлығы үш ай ішінде көрмеге келген 28 мемлекеттің басшысы мен 70-тен аса министр және 20-ға жуық үкімет басшысы, халықаралық ұйым өкілдері көрмеге қатысты ой-пікірін білдірсе, енді біреулері тілектерін жазыпты. Ұйымдастырушылар «қолтаңба» кітабын көпшілік назарына ұсыну үшін оның электронды нұсқасын жариялауды жоспарлауда.  Ал түпнұсқасы «Нұр Әлем» кешенінде сақталмақ. «Астана EXPO-2017» ҰК АҚ Департамент директоры Илья Уразаковтың айтуынша, аталмыш кітап «Нұр Әлем» кешенінде қалдырылуы мүмкін. Кітаптың ерекшелігі онда қол қойған тұлғалардың ерекше құттықтаулары мен тілектерінде. Әсіресе, Джибути президенті мен Фиджи, Кариб аралы, Тынық мұхиты елдерінің үкімет басшылары қолтаңбасы қалған кітап көпшіліктің қызығушылығын тудырады деген сенімде.

Абай-ақпарат

19 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1174
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2699
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 822
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 791