Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5649 2 пікір 5 Қазан, 2017 сағат 08:22

Түріктен шыққан ғалымдар

Осы ФБ-да кейбір інілеріміздің Түріктен шыққан ғалым бар ма деп өзінше менсінбеген сұрақтары осы постты жазуға мәжбүр етті. Билеушілері қазақтың Қаңлы тайпасынан шыққан Османлы империясы еуропалықтардың мұсылман әлеміне қарсы тоғыс Крест жорығына тойтарыс бергені тарихтан мәлім. Үш құрлықты қамтып, 600 жыл билеген мұндай империя тарихта жоқ. Сондай-ақ Түрік халқынан шыққан ғалымдар да, өнертапқыштар да аз болмаған.

Мәселен, қант диабетімен ауыратындардың дертін жеңілдететін жол тапқан түрік ғалымы Үміт Өзжан.

Сонау ХҮІ ғасырда, 1638 жылы өзі жасаған қанатпен Босфор бұғазының үстінен ұшып өткен, еуропалықтардың ұшуға деген құлшынысын арттырған Хазерфен Ахмет Челеби, 877 жылы өз зерттеулері бойынша әйгілі «Сабей зиджін», «Қыбла азимуты туралы трактат» жазған, сфералық үшбұрыштарды есептеудің жаңа тәсілдерін ойлап тапқан әйгілі астроном әрі математик Әбу Абдаллах Мұхаммад әл-Баттани (еуропалықтар Albategnius деп атаған, оның еңбектері ХІІ ғасырда латын тіліне аударылған, Николай Коперник оны өзіне ұстаз тұтқан), әлемде тұңғыш рет жолаушы ракетасын ойлап тапқан Лагари Хасан Челеби, 1513 жылы жасаған түпнұсқалық картасында Оңтүстік Америка (ол кезде еуропалықтар ашпаған) мен Антарктида көрсетілген түрік адмиралы Хаджи Мухиддин Пири Рейс Сізге аз бола ма?!

Пири Рейстің ашқан географиялық жаңалықтары Колумбтан, Васко де Гамадан, Магелланнан, Америго Веспуччиден әлдеқайда ерте болған. Сондықтан, түріктерді "надан" деп сөкпеңіздер.Олар да тарихта өз орны бар, өз ұстанымдарымен өмір сүруге қақы бар халық. Өзі надан адам ғана өзге халықтар туралы солай ойлайды!

Марат Тоқашбаев

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377