Бейсенбі, 19 Шілде 2018
Көршінің көлеңкесі 3940 47 пікір 7 Қазан, 2017 сағат 22:52

ҚР СІМ Қырғызстан президентінің сөзіне байланысты мәлімдеме жасады

ҚР СІМ Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың айтқан сөзіне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық порталы.

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қырғыз БАҚ-тарында таратылған 2017 жылғы 7 қазандағы Қырғыз Республикасының Президенті А. Атамбаевтың Қазақстан Республикасының басшылығына қатысты сөздеріне байланысты қатаң наразылық білдіреді және мұндай сөздерге екі достас мемлекеттер арасындағы қатынастарда жол берілмеуі тиіс деп санайды", - делінген мәлімдемеде.

"Қырғызстан Президентінің сайлау алды мақсатындағы жауапсыз, арандатушылық мәнді және жалған пікірі елдеріміз арасындағы достық пен өзара көмектің көпғасырлы байланыстарына нұқсан келтіре алмайтынына сенім білдіреміз. Қазақстан тарапы қырғыз халқымен дәстүрлі бауырластық қатынастарын дамыту жолына берік болып қала береді", - делінген қазақстандық тараптың мәлімдемесінде.

Айта кетейік, бүгін бірқатар қырғыз БАҚ-тарында президент Алмазбек Атамбаевтың мемлекеттік сыйлықтарды тапсыру рәсімінде, Қазақстанның Қырғызстанның ішкі саясатына қол сұғып отырғанын және өзге де саяси астары бар ойлар айтқаны жазылған еді.

Атамбаев "Қазақ билігінің бізге не үшін сондай жағаласқысы келетінін түсінемін. Олар Бәкиевті жақсы көреді. Бәкиевтер Қазақстанда әлі күнге дейін тайраңдап, мейрамдатып жүр. Мен тіпті Қазақстанның ең үлкен қызметтерінде жүргендерден: Бәкиевтер адамдарды атып, дұрыс істеді дегенін естідім. Себебі, қазақ халқына жаман үлгі көрсетеміз. Нұрсұлтан Назарбаев дұрыс айтады: Алматының ЖІӨ-­і бүкіл Қырғызстандікінен 5 есе үлкен, Қазақстан ЖІӨ-­і Қырғыз экономикасынан 20 есе көп. Қазақстанның орташа жалпы өнім табысы Қырғызстаннан 10 есе үлкен. Олай болса, Қазақстандағы зейнетақы неге 1,5 есе ғана үлкен, 10 есе емес, тарифтер қалайша 5 есе жоғары? Себебі, Қазақстан байлығын тонап жатыр. Біз жаман үлгіміз, Атамбаев та жақсы үлгі емес, – деді.

ҚР Президенті кез-келген елдің саяси тұлғасымен кездесуге құқығы бар. Бұл кезекті бір ғана кездесуге бола  осыншама сөз айтып, бүкіл мемлекеттік қатынасқа сызат түсіргеннен қырғыз ағайын не ұқпақ?

Айырқалпақты ағайынның Манас жырын қырғызға сыйға тартып, қағазға қаттап кеткен Шоқанның еңбегін ұмытқаны ма?

Мұхтар Әуезовтің тиым салынғалы тұрған қырғыз эпосын қорғап қалғанын ұмытқаны ма?

Жылда қол жайып, қаржы сұрап отырғанын ұмытқаны ма?

Қазақстанда жұмыс істеп, қаңғып жүрген ағайындарын ұмытқаны ма?

Демократияны желеу етіп, өз берекесін өзі алып жүргендерін ұмытқаны ма?

Бір рет шекараны жапқанымызда шыбын жаны көзіне көрініп, тынысының тарылып қалғанын ұмытқаны ма?

Abai.kz

47 пікір