Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4061 12 пікір 9 Қазан, 2017 сағат 12:43

Қазақстан СІМ-і: екі елдің достығына нұқсан келмесіне сенімді

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың 7 қазанда қазақ билігін сынап айтқан сөзіне наразылық білдіретіні туралы мәлімдеме таратты деп хабарлайдыwww.centralasian.org сайты .

"Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі қырғыз БАҚ-тарында таратылған 2017 жылғы 7 қазандағы Қырғыз республикасының президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан Республикасының басшылығына қатысты сөздеріне байланысты қатаң наразылық білдіреді және мұндай сөздерге екі достас мемлекеттер арасындағы қатынастарда жол берілмеуі тиіс деп санайды", - делінген мәлімдемеде.

Астана Атамбаевтың сөзін Қырғызстандағы президент сайлауы науқанымен байланыстырған.

"Қырғызстан президентінің сайлау алды мақсатындағы жауапсыз, арандатушылық мәнді және жалған пікірі елдеріміздің арасындағы достық пен өзара көмектің көпғасырлық байланыстарына нұқсан келтіре алмайтынына сенім білдіреміз", - дейді Қазақстан СІМ.

Бүгін Бішкек түбіндегі Ала-Арча мемлекеттік резиденциясында Қырғызстанның дамуына қосқан үлесі үшін марапатталған ел азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына килігіп отыр" деп сынаған. Ал, Қазақстан тарапы Қырығызстанда өтетін президент сайлауына ықпал ету ниетінен аулақ екендігін мәлімдеп отыр.

Абай-ақпарат 

12 пікір