Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 2691 0 пікір 4 Желтоқсан, 2010 сағат 06:26

Қорғаныс министрлігінің Маермановқа, Шейкманға және басқаларға тағып отырған Т14 млрд-тық шығынды өтеу жөніндегі арыз-талабын әскери сот 9-шы желтоқсанда қарайды – газет

Алматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – ҚР қорғаныс министрлігінің қорғаныс ведомствосы бастығының сотталған экс-орынбасары Қажымұрат Маермановқа, израйльдік бизнесмен Борис Шейкманға, ҚР ҚК артиллерия және зымыран әскерлерінің экс-қолбасшысы м.а.Еділ Жартыновқа және 17 әскери қызметкерге тағып отырған шағым-арызы бойынша сот отырысының бірінші тыңдаулары 9-шы желтоқсанға тағайындалған. Шағымның мәнісі Т14 млрд сомадағы келтірілген шығынды өндіріп алу. Бұл туралы «Время» газетіне Ақмола гарнизонының әскери сот төрағасы Мағауя Елемесов мәлім етті.

Газет, Қазақстанға израильдік ІМІ және  Soltam Systems фирмаларымен дүркіндетіп ататын  «Найза» реактивтік жүйесін жеткізу және артиллериялық «Семсер» мен «Айбат» жүйесін жетілдіру туралы даулы іс бойынша үш фигурантты сот ұзақ мерзімдерге соттаған соң, қорғаныс ведомствосы азаматтық шағым бергенін еске салады.

Телефон арқылы болған сұхбатында М. Елемесов осы сот ісінің кейбір тұстарын айтып берді.

«Сіз шағым сомасын дәл айттыңыз, ол 14 млрд-тан сәл артық, - деп түсіндірді М. Елемесов. – Шағым бізге 6-шы қыркүйекте келіп түсті, біз оны қарауға кірістік. Ол іс бойынша жауап беруші үшеуі (Маерманов, Шейнкман және Жартынов) Шығыс Қазақстан облысында түрмеде отырғандықтан және сотқа қатыса алмайтындықтан біз жекелеген тапсырмаларды сонда жібердік. Біз олардың құқықтарына нұқсан келтірмеу үшін, біріншіден, оларды шағым мәнісімен таныстырдық, екіншіден, олардың өкілдеріне сенімхат берулеріне уақыт бердік»

Сот төрағасының айтуынша, Қорғаныс министрлігінің шағым бойынша барлығы 20 адам жауап береді.

«Сотталған үшеуден басқа 17 адам (олардың барлығы да Қазақстанның әр түрлі әскери бөлімшелерінің қызметкерлері) осы қылмыстық іс бойынша өтеді, бірақ оларға қатысты қылмыстық қудалау ақталуға жатпайтын себептермен тоқтатылған», - деді судья.

М. Елемесовтың айтуынша, «ол дегеніңіз, қылмыстық қудалау органдары олардың әрекетінде қандай да қылмыстық құрамның барлығын мойындаған, бірақ оларда сол адамдардың келісімімен және заңда қарастырылған негізбен (қудалауды) тоқтатуға заңды негізі болған». «Біз барлық жауап берушілерге хабар таратуға көп уақыт жоғалттық, сондықтан олар дайын болған кезде, алғашқы процесс 30-шы қарашаға тағайындалған. Бірақ біз жауап берушінің өкілінің өтінішіне байланысты оны 9-шы желтоқсанға шегеруге мәжбүр болдық», - деп түсіндірді. Ол.

Судья М. Елемесов сот процессі баспасөзге ашық болатынын жеткізді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1545
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3335
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6110