Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2956 0 пікір 4 Желтоқсан, 2010 сағат 12:44

Жамбыл облысының автожолдарынадағы көлік қозғалысы қайта қалпына келтірілді

Тараз. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Жамбыл облысының Қордай және Күйік асулары арқылы өтетін қалааралық автотрассаларында автокөлік қозғалысы қайта қалпына келтірілді, деп агенттікке Жамбыл облысының ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұған дейін тәулік бұрын ауа райының күрт нашарлауы себепті республикалық Алматы-Ташкент тас жолының Қордай және Күйік асуларында күрделі жағдай қалыптасқан болатын. Сол себептен облыстық ІІД ЖПБ, облыстық ТЖД, облыс әкімдігінің автожолдар және жолаушылар көлігі басқармасының шешімімен 3-ші желтоқсанның 16:20 сағатынан, «Айша бибі» жол полициясы бекеті бақылайтын учаскеден бастап, Оңтүстік Қазақстан облысы бағытындағы 556-шы шақырымға дейінгі учаскедегі қозғалысты көліктің барлық түріне шектеу туралы шешім қабылданды.

Сенбі күні, 4-ші желтоқсанда, түнгі бірден бастап аталған учаскедегі қозғалыс қайта қалпына келтірілді. ОҚО бағытынан қозғалысқа шектеу болған жоқ.

Одан өзге, 3-ші желтоқсанның 19:45 сағатынан бастап Қордай селосындағы көлік қосынының учаскесінен бастап, Қордай ауданының «Отар» қосынына дейінгі учаскеде салмағы ауыр, жүгі үлкен автомашиналар мен бензин тасымалдағыштардың қозғалысына жол жабылған болатын.

Бүгін түн ортасында аталған учаскедегі қозғалыс ашылды.

Қордай және Күйік асуларында қозғалыс мүшелеріне шұғыл көмек көрсететін оперативтік топтар жұмыс атқаруда. Автокөліктердің шоғарланған жерлерінде адамдардың жылынатын және ас ішітен орындары ұйымдастырылған. Жол қызметі жолдарды тазарту және құм себу жұмыстарын жалғастыруда.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052