Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2664 0 пікір 6 Желтоқсан, 2010 сағат 10:18

Сымбат Сұлуова. Wikileaks-тің кесірі АҚШ дипломаттарына тиетін болды

Атышулы Wikileaks сайтында АҚШ әкімшілігі мен Мемлекеттік департаментінің ішкі құжаттары мен хаттарының жариялануы осы елдің біраз дипломаттарының жұмысына залалын тигізуі ықтимал. Бұл туралы ақпаратты АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік органдарындағы атын атамаған сарапшыға сілтеме жасай отырып The Daily Beast порталы таратты.

Аталмыш сарапшының сөзіне қарағанда, Wikileaks-те жарияланған құжаттар «АҚШ-тың көптеген дипломаттарының өмірі мен қызметіне үлкен қауіп төндіріп, олардың толыққанды жұмысына кеселін тигізіп отыр». Сондықтан да, «біздер өзіміздің ең мықты деген елшілеріміз бен қызметкерлерімізді кері қайтаруға мәжбүрміз» дейді сарапшы.

Джулиан Ассандждың қитұрқы  тірлігі бірінші кезекте АҚШ-тың Ливиядағы елшісі Джин Кретцтің тағдырына теріс әсерін тигізетіні сөзсіз. Себебі, өзінің хаттарында Кретц Ливияның басшысы Муамар Каддафидің саясатымен қатар, оның жеке өміріне қатысты ақпараттарды да басшылығына жеткізіп отырған. Мысалы, оның жазбаларында «Ливия революциясының көсемі шетелдерге барған сайын қасына украиналық кәнизәгін үнемі ертіп жүреді» деген ақпараттар болған.

Қалай болғанда да, Wikileaks сайтындағы құжаттар АҚШ әкімшілігінің «бас ауруына» айналғаны түсінікті. Астанадан еліне жеткен мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон осының кесірінен бірнеше апта бойы телефонның үстіне мініп, өз әріптестерімен тілдесіп, мәселені жылы жабуға тырысатынын жасырған жоқ. Ортаазиялық сапарының аясында Клинтон ханым көптеген әріптестерімен сөйлесіп, кешірім сұрап та үлгерді. Әрине, АҚШ - үлкен мемлекет, ірі держава. Оған көптеген мемлекеттер қарсы тұра алмас. Сондықтан да, алдағы уақытта олар өз өштерін сол елдердегі дипломаттардан алары хақ.

Осы тұрғыдан алғанда Wikileaks-тегі АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоугланд мырзаның орнында қалу-қалмауы да белгісіз. Қазақ билігінің талай қасиеттері мен әдет-қылықтарын тізбелеп жазған елшінің кем дегенде алты хаты интернетте жарияланып, әлем баспасөзінің назарына іліккені белгілі. Олардың біреуіне еліміздің премьер-министрі Кәрім Мәсімов «мен келіншегіммен бірге билегенім рас» деп алақайлап жауап бергені де аян. Қалғанын алдағы уақыт көрсете жатар деп топшылаймыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413