Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3506 0 пікір 15 Қазан, 2017 сағат 13:51

Мемлекеттік тілді  үйретудің заманауи әдістеріне арналған семинар өтеді  

 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2017 жылғы 20 қазанда  Өскемен қаласы, «Изумрудный» шипажайында  «Мемлекеттік  тілді  үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация»  республикалық семинарын өткізеді деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені  зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу. ҚР Президенті                            Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы латын әліпбиіне өтудің маңыздылығын талқылап, оқу-әдістемелік шаралар мен жұмыстарды бағдарлау.

Семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, Астана, Алматы қалалары мен  облыс орталықтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының  мамандары қатысады.

Семинар барысында әдіскер-ғалымдар мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологияларымен және әдіс тәсілдерімен бөліседі. Тілдерді оқыту орталықтары мен республикаға белгілі ғалымдар тілдің өзекті мәселелері жайында баяндама жасап, әдіскерлер үздік сабақ үлгілерін көрсетеді.

Байланыс телефондары: 8(7172) 40 83 67,  74 08 77

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485