Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2095 0 пікір 8 Желтоқсан, 2010 сағат 06:16

Депутат Тілеухан байланыс министрін депутаттарды «мазақтап», оларды қаңғыбастар мен жезөкшелермен бір қатарға қойған БАҚ-қа қатысты шара қолдануды сұрады

Астана. 8 желтоқсан. ҚазТАГ – Елена Преображенская. ҚР мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан сәрсенбі күні пленарлық отырыс барысында байланыс министрін депутаттарды «мазақтап», оларды қаңғыбастар мен жезөкшелермен бір қатарға қойған БАҚ-қа қатысты шара қолдануды сұрады.

Байланыс және ақпарат министрінің атына депутаттық сауал жолдаған депутат ТілеуханЕҚЫҰ саммитінің қарсаңында депутаттар сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға аттанғанын еске салды . «…Ал кейбір БАҚ-та жезөкшелер мен қаңғыбастармен қатар депутаттар да аталды. Мұны ұят және әдепсіз деп есептеймін. БАҚ-қа бізді осындай санатпен бірге атауға қалай жол беруге болады, біз халық қалаулылары емеспіз бе?!», - деп ашынды Б. Тлеухан.

Еске сала кетейік, ЕҚЫҰ саммиті қарсаңында тұрақты тұрағы жоқ адамдар Астанадан тыс жерге апарылған болатын.

«Кейбір БАҚ-тар біздің белгілі бір мәселелер бойынша айтқан депутаттық ескертулерімізді айтып, мазақ қылады. Мысалы, КТКтелеарнасы. Оның (Артур Платонов –  «Портрет недели»бағдарламасының жүргізушісі - ҚазТАГ) кейбір депутаттарды мазақтауды әдетке айналдырғанын қалай түсінуге болады?!» - деп ашынды депутат.

«Мен Артур Платоновтуралы айтқым келіп отыр, оның бұлай айтуға қандай негізі бар? Ол кім өзі? Неге депутаттарды мазақ қылып, бізге жол нұсқап, не айтып, қалай сөйлеу керектігін үйретеді?!», - деді ол.

«Шара қолдануды сұраймын», - деді мәжілісмен.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475