Елтірек Жанайдар. Кулагин Сергей, орысым болсын сендей!
Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагинге ішіміз жылып отыр. Ол «Лад» славян қозғалысының өкіліне «орыстар мен орыс тіліне қысымды көргің келсе, бұл арадан тайып тұр» деген сыңайда уәж айтты.
Әңгіме былай болды: Республикалық саяси партиялар мен діни бірлестіктердің Қостанай облысындағы өкілдері әкімшілік ғимаратында алқалы жиын өткізіп жатты. Бәрі дұрыс. Бәрі ойдағыдай. Артық-кем сөз айтыла қойған жоқ. Кенет микорфон «Лад» славян қозалысының Қостанайдағы бір белсендісінің қолына тиді. Әлгі белсенді сөз алысымен «Мына жұрт орыс тілін тықсырып барады. Орыс тілінде сөйлесең ешкім жауап бермейтін болды. Мемлекеттік органдарда орыс тілі босағада қалды» деп гөй-гөйледі. Оның білуінше, қызметке де қазір адамдарды ұлтына қарап алатынға ұқсайды. Тап осы кезде облыс әкімі шарт кетті.

- Орыс тілі қысым көріп жатыр деп қалай айтуға болады? Міне, сіз қазір орыс тілінде сөйлеп отырсыз, өзгелер де орыс тілінде сөйледі. Осы арада орысша сөйлеп отырғанымызға наразылық танытып орнынан тұрып кеткен біреу бар ма? Біздің президентіміз мемлекеттік тілді жақсы білсе де ЕҚҰЫ-ның саммитінде орыс тілінде сөйледі. Егер орыстар қысым көріп жатса мен, Сергей Кулагин, Қостанай облысының әкімі болып тағайындалмас едім. Өз кезегімде мен аудан әкімдерін тағайындаймын. Бірақ, ұлтына емес, кәсіби білігіне қарап тағайындаймын. Сіз мұнда орыс тілінің қысымға ұшырап жатқанын айтасыз, ендеше Балтық бойы елдеріне барыңыз, Украинаға қоныс аударыңыз. Сол елдерден көресіз қысымның не екенін, және олар сізге тек мемлекеттік тілде ғана жауап береді, барыңыз, көшіңіз - деп салды облыс әкімі.
Кулагин кіжініп отырып «Лад» өкіліне «сіз қанша тыраштансаңыз да біздің ынтымағымызға селекеу түсіре алмайсыз» дегенді қосып айтты.
Бұндай жауапқа қарап «Кулагин Сергей, орыстан әкім болсын сендей»! - деп жауырынға қағып қойғанымыз жөн шығар.
Қостанай қаласы
www.masa.kz сайты