Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2795 0 пікір 9 Желтоқсан, 2010 сағат 03:36

Нұра Матай. Ермек Тұрсынов – алтын адам

Тоғыз жылдан бері беріліп келе жатқан «Жыл таңдауы» деген марапат бар. Жылдың таңдауына қарап отырсақ, құдай-ау кірмейтін дүние жоқ екен. Оның тізімін www.viborgoda.kz деген сайттан қарап алсаңыз болады. Біздің айпағымыз «Жыл таңдауының» басқа қыры.

«Жыл таңдауы» қара орыстардың қолындағы дүние екен. Мысалы, жылдың үздік журналистері ретінде бірнеше жыл қатарынан «Время» газетінің тілшілері таңдалыпты. Және биыл үздік тележурналисттер делініп - Артур Платонов пен Рубен Андриасян аталыпты. Бұл екі мырзаның біздің қоғамға қай еңбегі сіңіп кеткенін қайдам. Бірақ шығар қортынды таңдау жасайтын адамдар орыстілді, орысша ойлайтын және тек қана орыс басылымдарын оқып, орыс арналарын қарайтын адамдар яғни қанша жерден қызыл ми, ойшыл, керемет тұлға болса да тегін ұмытқан, шелекке отырғызылған гүл сияқты тамырсыз пенделер деген сөз. Қарапайым түсінікке салғанда, әр адамның тегі, ұлты, оның жанын сала қорғаштайтын құндылықтары болады. Қазақстанды қазақтың мемлекеті деп мойындағысы келмейтін сондықтанда мемлекеттік тілге - мемлекетке деген құрметі жоқ азаматтардың дәл бүгін тас өрге домалап тұр. «Жыл таңдауына» қарап олай демеске шараң жоқ.

Артур Платонов пен Рубен Андриасян қазақ үшін не істеді?

«Время» қазақ үшін не істеді?

Сіз кешіріңіз, ұнаса да, ұнамаса да айтарым осы. Себебі бұл қазақтың мемлекеті және барлық дүние қазақ арқылы және оның құндылықтарымен, соның көзқарасымен өлшенеді.

Айтпақшы, «Жыл таңдауына» орай жүргізілетін сауалнамада орысша өтетіні байқалады. Себебі, таңдаудың бәрі қазақстандағы орыстарға түсіп тұр. Әрине, ішінара қазақтарда жүр. Алайда, мұның өзі қазақтың қаһарына қалмай үшін орайластырған қулық екенін бала сезеді. Енді, біздің қазекеңнің сыйлық десе, шығар жаны бөлек қой.

Мысалы, биыл жыл әкімі Ахметжан Есімов деп танылыпты. Басқа, басқа дәл осы жері су татиды. Алматының әкімі жыл бойы қандай игі іс істеп көзге түскенін еске түсіре алмадық. Ғылымға қосқан үлесі үшін деп бір сыйлықты Төрегелді Шармановқа беріпті. Төкеңнің дәл осы жылы ашқан ғылыми жаңалығын, ғылымға қосқан үлесін итпен іздеп кездестіре алмадық.

«Жыл таңдауының» біртүрлі исі «Экспресс К» басылымының журналистика ғұрыптарына адалдығы  және қоғамның толеранттылығы мен патриотизмге қосқан үлесі үшін сыйлыққа лайық деп танылғанынан байқалады. Жалпы, орыс басылымы Қазақстандағы патриотизмге үлес қосты деген не сандырақ?! Бәлкім, орыстандыруға, Ресейдің үнін жеткізуде шығар?! Әлде жылда «Времяға» бере берген жалығып «Экспресс К» -ға ұстата салды ма? Міне, «Жыл таңдауының» астары

Бәрін қойшы,  «Жылдың Қазақстан адамы» аталымы бойынша Алтын адам сыйлығы «Келін» фильмінің режиссері Ермек Тұрсыновқа бұйырғаны жағаңды ұстады. Ал, бұл атақ Ермек Тұрсыновқа оның Қазақстанның халықаралық имиджін көтеруге қосқан үлесі үшін берілгенін естігенде қаның басыңа бір-ақ шабады. Тым құрығанда, Қанат Саудабаевқа берілсе сөз басқа еді. Жыл бойы тыным таппай ЕҚЫҰ-ның жұмысымен жүрді.

Қазақстанның халықаралық беделін көтеруге Ермек үлес қосса жетіскен екенбіз. Айтарға сөз жоқ. Дегенмен, мұның астарында сыйлықты тағайындайтын оны таңдайтын адамдардың қазаққа және оның мемлекеттік беделіне деген кекесіні мен қорлау жатыр. Әйтпесе, есі дұрыс адам елдің талауына түскен Ермек Тұрсыновты жыл адамы деп тани ма?! Әрі қарай айтуға жүйкем шыдар емес.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475