Жұма, 22 Қараша 2024
Деп жатыр 6431 8 пікір 27 Қазан, 2017 сағат 08:15

Айфонды тыңдағандардан "Айфонбек пен Айфонгүлдер ғана дүниеге келеді

Toddler touching father's cell phone

Нәресте, сәби деген - сенің өмірдегі ешнәрсе тең келмейтін ең құнды байлығың! Сондықтан да, Құранда Алла-Тағала әйелдерге баланы толық 2 жыл емізуді парыз етті. Біздің кей өнертапқыштар әрі білімсіздіктен, әрі мүсінін бұзбау үшін ондай парыздардан бас тартуда. Толық ембеген бала уызына жарымаған болып есептеледі. Ал уызына жарымаған бала ертеңгі күні сені де жарытады деп ойламай-ақ қойыңдар!

"Не ексең – соны орасың", дегендей, Алланы емес, айфонды тыңдағандардан "Айфонбек пен Айфонгүлдер ғана дүниеге келеді. Өскенде балаларың "қарттар үйіне" тапсырып не ренжітіп жатса еш өкпелемеңдер, себебі, тыққан дақылдың жемісі сондай болады. Бір кездері әжелеріміз өлейін деп жүрсе де сүтке тойған немерелерін арқасынан түсірмей арқалап өткен еді. Оның да бір тәрбиелік мәні болған. Әжесінің арқасына өрмелеп мініп, таскенеше жабысып алып айырылмай, әжесі бұғып қалса құламауды үйренген бала өскенде тақымы мықты батыр болып шыққан. Сонда әжелеріміздің өзі балаға ерден жабысып атқа мінуді үйретіп кетіп отырған.

Сол бала-шаға, немерелері ата-әже, ата-аналарын Меккеге арқалап апарып, өлгенше арқалап бағып, ақыры арулап көмген. Ондай адамдар қазір жоқ. Сондықтан да, үлкейгенде бала-шағадан мейір-шапағат көргілерің келсе, осы бастан бала тәрбиесіне зор мән бөліңдер! Бала – бауыр етің! Өмірлеріңді сериал көріп, той-томалақ, дүние, байлық, мансап қуып ахаку-сахакумен өткізем деп зымыран уақыттың қалай зырғып өтіп кеткенін байқамай қалмаңдар! Әйтпесе бәрі кеш болады. Ал орыстар тақ-тақ етіп, бағжаңдап, беттен алып ата-аналарын кәмелетке толмай жатып-ақ тастап кете береді. Мұсылман мен кәпірдің, қазақ пен өзге ұлттардың айырмасы осындай. Түрлері ұқсас болғанымен есек ешуақытта тұлпар бола алмайды. Біз өзімізді тұлпар санап, бірақ, есекке сүйсінгеніміз, есекті тыңдағанымыз, есекше ақырғанымыз, есекше өліп жатқанымыз әрі ұят, әрі кешірілмес күнә! Сондықтан да "заманауи, еуро, рухани жаңғыру" деп елес қуып, шайтани үміттеніп жүргенде "айдалада қаңғыру" деген кеселге ұшырап қалмайық!

Тұрар Шапқара

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3227
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5285