Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5709 8 пікір 4 Қараша, 2017 сағат 09:21

Жадыны жаттықтыру

 

Көкөністер алып тұрмын. Сатушы жас жігіт көкеністерді таразыға тартып жатыр. Мен дауыстап санай бастадым.
- Апай, маған сенбесеңіз бірге санайық, - деді сатушы.
- Мәселе сенгенде емес. Мәселе - менің жадымда. Мен өзімнің жастығымды сақтағым келсе, әуелі жадымды сақтауым керек. Ол үшін мыйға арналған жаттығуларды істеуге əдеттенуім керек. Дауыстап санау - ол керемет жаттығу. Оны тек керек жағдайда істесең болды. - дедім.

- Апай, жадыңызды жаттықтырамын десеңіз, Құранды жаттаңыз! - деді сатушы жігіт. Бұл жауапты естігенде қаным лезде мыйма шауып, мені соғысқа даярланғандай өршітіп əкетті... Қалайша осы сөзді жап-жас қазақтың жігіті айтуы мүмкін еді? Құлағымнан құлаққапты шығарғаным білекті сыбанғандай болды. Баланы басынан аяғына дейін лезде шолып шықтым. Сақал мұрты жоқ, жасы көп болса жиырманың о жақ, бұ жағында....

- Сен қазақсың ба?

- Әрине, қазақпын...

- Қазақтар балаларына қандай ертек айтып өсіреді?

- Есімде жоқ. Талай ертек айтқан шығар.

- Қазақтар балаларына "Батырлар жырын" айтып өсреді. Қай жырды білесің?

- Естідім, бірақ, жатқа білмеймін.

- Қазақ баласы туғанынан батырлар жырын естіп, есінде сақтап өсетін. Сол жырлар "Бабалар сөзі"  деген жинақта шығарды. Ол жинақ 100 томнан асты, олардың барлығын есте сақтау үшін не деген жад керек десеңші! Оларды қарт әжелер жатқа білетін. Немерелеріне соларды әндетіп айтып уататын, сонымен жанын сусындататын, соларды қанына сіңіретін. Не үшін?

- Не үшін?

- Батыр болып өссін деп! Ел тірегі, ел жетекшісі, ел басы болсын деп. Ал сен Құранды жатта дейсің. Құранда адам құл болсын дейді. Сонда сен құлсың ба?

- Құранда "Адамның құлы болма, Алланың құлы бол", дейді.

- Бұл сөзден мағына өзгермейді. "Итісің, итсің" деп - адамға айта берсең, адам бір күні үре  бастайды. Адам - ол өте күрделі жаратылыс. Барлық адамның тегі бірдей, тек мыйына "құйылған ақпарат" қана әр түрлі. Сол "ақпарат" адамды басқарады. Бірін құл қылады, бірін ұл қылады.

Тарихты дұрыс оқыған болсаң, онда қазақтар көшпенді ел болғанын білесің. Көшпенді деген - ұлан-ғайыр жерді сығандар сияқты шарлап жүру емес, ол, қазақ үшін - Ұлы Дала игілігін игерудің ықтимал және өте тиімді, табиғатқа ең үйлесімді амалы. Қазақтың көнеден істеген тірлігін адамзат тек бүгін ғана түсініп, бағалап жатыр. Бірақ, көшпенді ел бұрыннан басымдық танытып, басқаншы отырықшы елдерді жеңіп, бағындырып, басқарып келген. Оларды құл қылған. Сол құлдарға өзінің басымдығын мойындату үшін - оларды "Құдайдың құлысың" деп қана көндіре алған. Ал бүгін сол құлдар енді түркі ұрпағын құлсың деп, басынғысы келеді. Біздің білімді, алғыр жастарымыз соған иланып, өздерін құл қылғысы келетінін қалай түсінуге болады?! -
Ия, мен осы сөздерді қызбаланып айттым.
- Сонда арабтарды бағындырып, түрк қағанатын құрған елдің тұқымы енді өзін өзі жойып, арабтарға, олардың жалған дүниетанымына құл болмақтарын еш түсінбей, жойылып кетуі керек пе еді? Сол арабтар үшін қырғын майданға шығып, текке өліп кетуі керек пе еді?

- Құдай сақтасын, апа! Олай болмайды!

- Онда "Батырлар жырын" жатта, Құранды емес!

- Ия, енді мен "Батырлар жырын" жаттаймын! Мен - түркі ұрпағымын! - деді жас жігіт.

- Бақытты бол, балам! Қазақтың несібесі мол, батасы - киелі, болмысы - берекелі. Сол мол қазынадан Тәңіріміз бізді айырмасын!

Айгүл Қоқай

FB-дағы парақшасынан алынды

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340