Бейсенбі, 7 Қараша 2024
Айтқыш екен 7949 27 пікір 6 Қараша, 2017 сағат 03:47

Б.Имашев: Алмасбек елді айырды...

Қазақ пен қырғыздың ортасындағы шекарада мәселесі шешілген жоқ. Қос елдің билігі бір-біріне талап қойып, саяси риторикадан әрі аса алмай отыр.

Даудың басы - Атамбаевтың (қырғыздың төртінші президенті - ред.) айтқан бейсаяси әм бейсауат сөздері еді. Иә, әлдекімдер әлгінің дегендерін "шындықтың шырқау шегі" деп, табанын сүйе, тамсанып жатса да, бұл саясаттың шеңберінен шыққан, геосаяси сауатсыз мәлімдемелер еді.

Сөйтіп, не керек, талас-тартыс күшейген үстіне күшейе түсті. Күні бүгінге дейін екі елдің билігі арасында туындаған мәселе шешілген жоқ.

Жеңішбек Жұмақадыр дейтін қырғыздың ақыны бар. Сол жақында бейне үндеу жасап, әлеуметтік желіге жариялапты. Онда қазақ пен қырғыздың ортасындағы мәселелерге тоқталып, Президент Назарбаевтан шекарадағы шектеуді алып тастауды сұрапты.

Өз Президенті Алмасбек Атамбаевтың айтқандары үшін кешірім сұраған. "Қазақтың бар ғой нарқында, қырғыздың бар ғой салтында. Інісі қойса еркелеп, ағасы қояды кешіріп., құшағын жайып келсе деп...", деп төккен Жеңішбектің айтқандары бұл.

Қырғыз ақыны ағынан жарыла айтты. Жеңішбек Жұмақадыр бейне жазба жасап, Президент Назарбаевтан кешірім сұрап, шекараны ашуды өтінді. Жеңішбектің бұл қадамына біздің жақтан әлі реакция байқалмады деп едік.

Жақында қазақтың айтыс ақыны - Балғынбек Имашев Жеңішбекке жауап қатыпты.

…Аяғы жаман төр бұлғайд,

Аузы жаман ел бұлғайд,

Осылай айтқан шоң бабам.

…Екі де достың арасын,

Айырады екен – оңбаған! – деп сөз бастаған Балғынбек, қырғыз президентінің кем-кетігін айтыпты.

Балғынбектің сөзі - биліктің сөзі емес. Кезінде, "Қамқоршымыз Нұр Отан, өздеріңе сенеді" деп жырлаған Балғынбек ақынның аузындағы сөз шекара дауын шеспесі анық, дегенмен, ел мен елдің арасындағы ахуалды рухани жағынан демейтіні анық.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

27 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1095
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 1928
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 1909