Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 6766 6 пікір 24 Қараша, 2017 сағат 00:24

Мұхтар Құл-Мұхаммед: Алаш идеясының алтын өзегі – Абай тағылымы

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Атырау облысына барды. Сапар барысында ол Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне арнайы барып, оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттермен кездесті.

Кездесуде партия Төрағасының Бірінші орынбасары биыл елімізде 100 жылдығы аталып өтіліп жатқан Алаш қозғалысы, алашордашылар, олардың елге сіңірген еңбектері мен игі істері туралы айтты.

– Алаш идеясының алтын өзегі Абай тағылымы болды. Ұлы ақын шығармаларын тұңғыш бастырушы Әлихан Бөкейханов, оның бас ақындық тұлғасын белгілеген Ахмет Байтұрсынов, «Абай жолы» ғаламат эпопеясын жазған Мұхтар Әуезов сияқты Алаш ардагерлері болуы осының айқын дәлелі, – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Сонымен қатар партия Төрағасының Бірінші орынбасары іргеміздің бүтінделіп, еңсеміздің көтерілуіне Алаш қайраткерлері қолға алған бастамалардың әсері молынан тигенін атап өтті. Одан бөлек, алды Санкт-Петербургтегі императорлық жоғары оқу орындарында білім алған Әлихан Бөкейхан, Халел Досмұхамедов, Ахмет Байтұрсынұлы Міржақып Дулатов сияқты ұлттық интеллигенция өкілдері ең алдымен қазақты ұлт ретінде сақтап қалу жолында аянбай тер төгіп, батыл әрекеттерге барғаны айтылды.

Соның ішінде Мұхтар Құл-Мұхаммед Атырау университетіне аты берілген Алаш қозғалысының белді қайраткерлерінің бірі Халел Досмұхамедовтің еңбегі мен соңында қалған мұрасына айрықша назар аударды.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339