Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3240 0 пікір 17 Қараша, 2017 сағат 23:44

Жапондар АЭА-та жұмыс жүргізуге әзір отыр

Қарағанды облысында  әлеуетті инвесторларға еліміздің Арнайы экономикалық аймақтарын таныстырған форум өтті, деп хабарлайды Абай ақпарат агенттігі.

Форумға Жапониядан келген делегация және Қазақстандағы ірі халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты. Шет елдік қонақтар қазақстандық әріптестерімен жақынырақ танысып, ортақ қызығушылықтарды анықтап байланыс ортану мақсатында келген екен.

Халықаралық форумды Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы ұйымдастырды.

- Біз АЭА және индустриалды аумақтарға арналған осындай форумды алғаш рет өткізіп отырмыз. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу және инвесторларды іздеуге көмектесу. Мұнда алыс шет елдерден келген қонақтар бар, ауқымды жапондық делегация келді.  Бүгінгі род-шоу республикамыздың АЭА басқару компаниялары, АЭА резиденттері, құзырлы мемлекеттік органдар тарапына да, әлеуетті отандық және шет елдік инвесторлар жағына да тікелей келісімсөз жүргізуге арналған алаң болып табылады,- деді «Kazakh Invest» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев.

Біржан Қанешов мырзаның ақпаратына сүйенсек, Жапондық бизнесмендер серіктестік құруға қызығушылық танытты.

- Қазақстан – инвестициалық әлеуеті зор ел. Жапония мен Қазақстан арасында сауда саласында өте жақсы қарым-қатынас орнаған – нәтижелілік 9 есе өсті. Алайда инвестициялық серіктестік соншалықты белсенді емес. Біз инвестициялық серіктестік орнату үшін басым бағыттарды таңдап алдық. Ол – сумен қамту, суды тазарту саласындағы экология мен технология. Бұл кездесу қазақстандық әріптестермен жақынырақ танысуға, өзара тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ROTOBO Ресей және ТМД экономикасының ҒЗИ директоры Мики Вадзима.

Форумда Қазақстанның АЭА электронды интерактивті картасының сынама түрі таныстырылды. Ол қарағандылық «Сарыарқа» АЭА негізінде құрылған. Каратада қолжетімді, бос жер телімдері, компаниялардың байналыс мәліметтері келтірілген. Интерактивті база инвестициялық жобаның жүзеге асу деңгейін және инфрақұрылымдар құрылысының кезеңдерін көруге мүмкіндік береді.

Шет елдік қонақтарға Алматы, Қарағанды, Шымкент және Павлодар қалаларының АЭА таныстырылды. Сонымен қатар «Сарыарқа» АЭА-да жүзеге асырылған сәтті жобалардың бірі – «RecyclingCompany» ЖШС-нің ескі көліктерді жоюмен айналысатын зауыты көпшілік назарына ұсынылды.

Ерғали Берікұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475