Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2461 0 пікір 8 Маусым, 2009 сағат 13:25

«Сары-Шаған» полигонында қатты отынды зымырандарды рұқсатсыз өртеген жерлер анықталды

Қарағанды. 8 маусым. ҚазТАГ – Қарағанды облысындағы «Сары-Шаған» полигонында қатты отынды зымыран қозғалтқыштарын (ҚОЗҚ) рұқсатсыз өртеген жерлер анықталды. 

ҚазТАГ-қа қоршаған ортаны қорғау министрлігінен ақпаратқа қанық дерек көзі айтқандай, қозғалтқыштар жерге жатқызылып қойып топ-тобымен өртелген. Қозғалтқыштардың сырты толығымен жанып кеткен де, тек талшықты шыны материалдарынан жасалған от шығатын түтік – соплолары қалыпты. Сақталып қалған соплолар ол жерде жүзге тарта қозғалтқыштар жағылғанын айғақтайды. 

«Зымырандарды жаққан жерде топрақ үлгілері тексеруге алынып, химиялық зерттеулер үшін зертханаға жіберілді», - деп хабарлады дерек көзі. 

Полигон нысандарын зерттеген экологтардың есебі бойынша, зымыран қозғалтқыштарын рұқсатсыз жаққан жерде топырақ 40 см-ге дейін балқып кеткен. 1 гектардай жер шыны іспеттес қоқыммен жабылған. Анық ақпарат көздерінен алынған деректер бойынша Сары-Шаған полигонында С – 300 жүйесіндегі демонтаждалған зымыранның қатты отынды  300-400 қозғалтқыштары бар. Бұл қозғалтықыштардың отындарының салмағы шамамен 1-ден 3 тоннаға дейін барады. «Осы қозғалтқыштар да осындай заңсыз жойылуға дайындалып қойған деп болжамдауға болады», - дейді дерек көзі. 

Қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау министрлігінің комиссиясы аталған фактіні зерттеуді жалғастыруда. «Мұндай зымырандарды кәдеге жарату үшін басқа елдерде, оның ішінде Ресейде де, осындай әскери-өндірістік кешеннің қауіпті қалдықтарын зиянсыз жоятын арнайы жоғары технологиялық зауыттар салынады. Қатты отынды жаққанда, БҰҰ Стокгольм конвенциясы анықтаған жер шарында зиянды заттардың ондықтар қатарына енетін жоғарғы улы диоксиндер пайда болады», - дейді дерек көзі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5508