Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4326 3 пікір 11 Желтоқсан, 2017 сағат 08:29

Самат Сақаловқа хат

Қадірлі Көксерек!

Құрметті бауырым, Самат! Түнеу күні мен аурухана төсегінде жатқанымда сенің ФБ арқылы жазған хатыңды оқып, қатты тебіреніп кеттім. Содан бері біраз уақыт өтсе де ой құшағында жүрмін. Маған, "Арқада күн жылы болса, арқар ауып несі бар?" деген сөзді ешкім айта алмас. Семейден мен қашып кеткен жоқпын. Қуған ешкім де жоқ. Балалар: "Әке, жанымызда болыңыз!" - деп жағдай жасаған соң, келгенім рас.

Семейді ойлау әр қазақтың міндеті. Туған жерім емес пе!? Мен неге ойламайын... Алғашқы кезде түсімде жиі көретінмін. Қазір сәл басқашалау. Сенің жақсы қасиетің "адамға - құрмет" көрсете білесің. Сен үшін жаман адам жоқ. Семейде мүлдем жоқ. Ол сенің ойың. Басқалар басқаша ойлайды. Семейді мен ұмытқан жоқпын. Ұмытпаймын да... Өзің білесің, мен кітабымды құшақтап ешкімнің алдына бармайтынымды. Мақтау күтпеймін. Жас кезімде бәрі де болды ғой. Қазіргі тірлік, мүлдем басқаша.

Көксерегім, Семейде әнші-күйшілерді айтпағанда, таланттар өте көп. Көп болғаны жақсы. Мұхтарбек Каримов, Амантай Исин, Асан Омаров т.б. ағаларымыз бас болып, Рахат Алтай, Қайрат Сабырбай, Сәтжан Кәріпжанов, Мақсат Аубакиров, Айжарық Абылқасымов, Серік Жұматов, Мұрат Тастағанов т.б. жігіттердің қаламы қуатты деп білемін. Бағалаймын. Пендешіліктері жоқ, жүрегі таза азаматтар. Осы таланттардың басы қосылып, тізе бүгіп, іске кіріссе алдымызда алмайтын асу болмас еді. Ол үшін әдеби орта керек. Ойланып-ойланып, аманшылық болса, "Наурыз" мерекесіне қарсы Семейде бір жиын өткізсек деген ойым бар... Мақсатым - бәрімізге ортақ бір журнал ашсақ. Бұл үлкен бастама болар еді. Өзің басы-қасында болсаң.

Семейіме арнап мен "үлкен бір жоба жасап жатырмын". Наурызға дейін бітіп қалар. Талантты адамның жауы - орынды-орынсыз мақтау. Жазғаны бір бөлек. Түсінксіз болса да адамдарды, қоғамды "табындыратын" адамдар болады. Бұл уақытша...

...Дінін, тілін қадірлеген адамға қоғамның да құрметі ерекше. Талантты жанның "ақырын жүріп, анық басатын", қаламгерлердің бағы жанатын кез келді бүгінде... Абай атамыз айтады,
"Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық -
Бұл қайраттан шығады, білсең керек..." деген өлең жолдарында біздің қатарымызға керек асыл мағына бар.

Ал, жарайды, Көксерегім. Аман бол, кеш жауап жазғаныма ренжіме...
Семейге біз керек болмасақ та, біздің Арқа тірегіміз - Семей!
Семейге жаны ашитын азаматтарға сәлем...

Талғат Кеңесбаев

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408