Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2346 0 пікір 22 Желтоқсан, 2010 сағат 05:14

СҚО-ның балаларға арналған мекемелерінде құрамында уытты заттар бар ойыншықтар табылды

Петропавл. 22 желтоқсан. ҚазТАГ - Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) балаларға арналған мекемелерінде құрамында уытты заттар бар ойыншықтар табылды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

«Мұндай фактілерді Есіл ауданының прокуратурасы анықтаған. Аудандық білім бөлімі балаларға арналған мекемелерге мемлекеттік сатып алулар кезінде ЖК «Волкова С.Ф.» және ЖК «Яценкодан А.С.» сатып алған. Сатып алынған ойыншықтардың заңды сертификаттары болмаған», - деп хабарлады сәрсенбі күні прокуратура.

Аудан прокуратурасы ойыншықтарды уытты заттарға тексеру барысында «өрт сөндіруші машина» ойыншығының (Қытайда шығарылған) құрамындағы фенол рұқсат етілген шамадан бес есе көп екенін анықтаған.

«Фенол таза түрде өте уытты зат болып табылады, ол теріге тигенде оны күйдіріп тастайды. Ойыншықтағы фенолдың құрамын аздап арттырғанның өзінде де ол баланың терісін, рецепторларын тітіркендіреді, осының салдарынан аллергиялық асқынулар, астма немесе экзема туындауы мүмкін. Құрамында фенолы бес есе көп материалды көп ұстағанда ішкі мүшелерге де зақым келуі мүмкін», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Прокуратураның мәліметтеріне сәйкес, қауіпті өрт сөндіруші машиналардың 30 данасы аудандағы барлық шағын орталықтарға жеткізілді.

«Сондай-ақ, тексеру барысында осы ойыншықтарды сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде бұзушылықтарға жол берілгені анықталды. Есіл аудандық білім бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде заңда қарастырылмаған себептер бойынша әлеуетті жеткізушілердің баға бойынша ұсыныстарын негізсіз қабылдамай тастаған. Бұл жеткізушілердің ұсыныстары конкурста жеңіске жеткен кәсіпкерлердің ұсыныстарынан арзан болған», - деп хабарлайды қадағалаушы орган.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406