Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3377 0 пікір 23 Желтоқсан, 2010 сағат 04:54

Руслан Меделбек. Крутойға ұнамады екен деп…

Жақында ғана жұрт Азиада әнұранын таңдағаны белгiлi. Ескендiр Хасанғалиевтың "Азиада алауы" әнiн мәртебелi сынның бас әнi етiп халық таңдаған. Бiрақ Хасанғалиевтың бұл әнi Азия ойындарының ашылу салтанатын ұйым­дастырушы ресейлiк режиссер Игорь Крутойға ұнамаған көрiнедi. Крутой Азия ойындарына өз әнұранын ұсынып отыр. Бұл ән "Жұлдызым" деп аталады. Жақында "Жұлдызым" әнi Мәскеуде аяқтал­ған Жыл әнi (жұртқа Песня года атауымен танымал) фестивалiнде тұңғыш рет орындалыпты. Әннiң сөзiн белгiлi ақын Ұлықбек Есдәулет жазған. Әндi елiмiздiң белгiлi әншiлерi Батырхан Шүкенов пен Роза Рымбаева орындамақ.

Бұл - интернет беттерiнде кеше тараған ақпарат. Егер Крутой өз әнұранын жазса, миллион теңге шығындап неге байқау өткiздiк? Әлде Азиаданы ойыншыққа айналдырғанымыз ба? Осы түсiнiксiз жағдайды түсiндiру мақсатында Ұлықбек Есдәулет пен Ескендiр Хасан­ғалиев мырзаларға хабарласқан едiк.

Ұлықбек Есдәулет, ақын:

- "Жұлдызым" атты әнге сөз жазғаным рас. Ол Азиада кезiнде де орындалады. Бiрақ ол әнұран емес. Азиаданың ашылу және жабылуы шоу түрiнде өтедi ғой. Мұндай кезде бiр ән ғана орындалмайды. Ескендiр Хасанғалиевтың жазған әнi - Азиаданың әнұраны. Ал бiздiң ән ашылу салтанатында орындалатын әндердiң бiрi болмақ. Оның үстiне "Жұлдызым" ешқандай әнұранға лайықталып жазылмаған ғой...

Ескендiр Хасанғалиев,

композитор:

- Крутойдың әнi қандай ән екенi маған белгiсiз. Менiң әнiмдi халық таңдады. Демек, Азиада әнұраны... Басқа сұрақтарыңызды министрлiкке және Азия ойындарын ұйымдастыру комитетiне қо­йыңыздар...

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

Азия ойындарының билет­терi 27 желтоқсаннан бастап сатыла бастайды. Жарыстың ашылу салтанатына кiргiңiз келсе, қалтаңыз қалың болғаны жөн. "Астана арена" төрiндегi шоуды тамашалау үшiн билет құны 6000-нан 30000-ның арасын құрайды.

Азиада кезiнде дүбiрлi доданың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге 9 мың полиция жұмылдырылмақ.

Азия ойындарына қатысатын бiраз елдiң спортшылары - мұсылман елдерiнен. Сондықтан28 ел арнайы "халал" қонақ үйлерде тұрақтайтынын мәлiмдеген. Осыған орай екi қалада 30 қонақүй халал стандартына көшпек .

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1360
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2945
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1014
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 953