Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Дат 10009 31 пікір 28 Желтоқсан, 2017 сағат 15:20

Этникалық қазақтарға «ықтияр хат» емес, азаматтықтың бірден берілгені абзал!

 

«Қазақстан Республикасының халықтың жұмыспен

қамтылуы және көші-қон заңына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы» құрылған жұмыс тобының жетекшісі

Кәрібай Мұсырман мырзаға және жұмыс тобы мүшелеріне

 

 

АШЫҚ ХАТ

Құрметті, жұмыс тобының мүшелері!

Ел басымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан тәуелсіздігін жариялағанда, Қазақстан халқының да, шеттегі қандастардың да қуанышында шек болмады, сол кезден бастап Елбасымыз шеттегі қазақтарға үндеу тастап, елге шақырды, арнаулы заң қабылдап, оларға Көші-қон қаражатын тағайындап, түрлі игіліктер жасады, арнаулы қандастарды қабылдайтын облыстарды белгіледі. Соның арқасында шетелдерден қазірге дейін бір миллионнан астам қазақ атажұртына оралды, соның ішінде Қытайдан тарихи отаны Қазақстанға біржолата көшіп келген азаматтардың саны да бүгінде 200 мыңға жетіпті.

Біз, Елбасының «шетелдердегі қандастарды елге шақыру, оларды тиісті өңіңірлерге орналастыру және оңтүстіктегі аймақтардағы жұмыс күшін, солтүстіктегі халық саны сирек қоныстанған аймақтарға орналастыру» туралы жасаған бастамасына қолдау көрсету үшін, көші-қонды ұйымдастыруды тек қана үкіметтік мекемелерге ғана артып қоймай, біз де елге қызмет ету мақсатымен, Солтүстіктегі облыс әкімдері мен көші-қон мекемелері арқылы Қытайдан және оңтүстіктегі елді солтүстік облыстарға көшіруді ұйымдастырған болатынбыз. Нәтижесінде осы жылдың мамыр айынан қыркүйек айына дейін Қытай Халық Республикасынан Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарына жалпы саны 63 отбасын, ал Алматы облысынан 17 отбасын көшіріп әкелдік, олар қазір сол облыстарда тұрақты тұрып жатыр.

Осы арада сөздің ашығын айта кетейік,  Өзбекстаннан, Маңғолия мен Түркменстаннан және Қырғызтаннан қоныс аударып келіп жатқан қандастарымызға қарағанда, Қытайдан бері қарай көшетін қандастардың келуіне біраз кедергілер бар, яғни олар Қазақстанға арнаулы виза арқылы келетін болғандықтан, шетелге шығатын төлқұжат (паспорт) жасату үшін де, сол шетелден шақырту керек болады. Қазақстан тарапынан туысы немесе танысы арқылы шақырту алып, төлқұжатын жасатып, одан Қазақстанның Қытайдағы елшілігінен виза алып, елге жетеді-ау, әйтеуір. Ал Қазақстанға келген соң да түрлі құжаттық жұмыстардың қыйыншылығы алғашқы жылдарға қарағанда күрделеніп барады. Мысалы, бұрын азаматтық алу үшін тек төлқұжат пен жеке куәілкті аудартып, өмірбаянын жазып, азаматтық алғанға дейін жарайтын «Қазақ куәлік» немесе «Оралман куәлігі» мен тіркеу анықтамасын апарса болды, тиісті органдар азаматтыққа қабылдай беретін.  Алайда, ҚР Үкіметі осыдан бірнеше жыл бұрын азаматтық алуды 5 жылға тоқтатып қойды, одан соң азаматтық алу үшін алдымен «ықтярхат» алу керек болды, «ықтярхат» алу үшін Қытай елшілігінен «Қытайда сотталмағаны туралы» және «Қазақстанда тұрақты тұруға келісім» анықтамаларын әкелу керек болды, сонымен бірге бір жылға ғана жарайтын «оралман куәлік» керек, ал азаматтық немесе "ықтярхат" алу үшінде «Қытайға телміртіп» қойған осы заңдар, жақында «Дүние жүзі қазақтары құрылтайында» ел басымыз айтқан «шеттегі ағайынның елге келгендегі құжаттық мәселерін барынша жеңілдету» деген сөзіне сай келмейді.

Қытайдан келген қандастар көшіп келген бетте ең алдымен «Оралман куәлік» алады. Өйткені, балаларын мектепке кіргізуге де, емханаға тіркелуге де заң бойынша осы куәлік керек. Соның ішінде 2016 жылы Қазақстанға келіп, ең алдымен «Оралман куәлік» алып, ары қарай азаматтық алу үшін, тұрақты тіркелетін үй таба алмай, үй табылса, бір кездегі "ықтяр хат" және азаматтық алуға керекті қисынсыз құжаттарды: «Қытайда сотталмағаны туралы анықтама», «Қытай елшілігінен Қазақстанда тұрақты тұруға келісім» т.б. сяқты ешқашан берілмейтін, берілсе де тоқсан тесіктен өтіп, таныс-тамыр арқылы зорға алатын «анықтамаларды» жинап болғанша, 2016 жылғы алған тек бір жылға берілетін «Оралман куәлігтерінің» уақыты да өтіп кетеді. Енді олар азаматтыққа тапсырайын десе, көші-қон полициясы «Оралман куәліктеріңнің уақыты өтіп кеткен, енді сендер 5 жылдан кейін ғана азаматтыққа тапсыра аласыңдар», – деп азаматтыққа қабылдамай отыр. Дәл қазір біздің қолымызда 200-ге тарта «Оралман куәлігінің» мерзімі өтіп кеткен азаматтардың нақты дерегі бар. Бұл сан күн сайын өсуде. Қытайдың санқилы қыспағынан әрең құтылып келген қандастарымыз, осындай кедергілердің себебінен Қытайға қайта баруға мәжбұр болуда. Егер олар Қытайға барса, дәл қазір Қытайда қазақтарға жасалып жатқан қудалауға ұшырап, Қазақстанға барғаны үшін паспорттары тартып алынып, өздері «саяси үйрену орталығы» деп аталатын жабық түрмеге қамалып, тіпті, кейбіреуі түрлі мерзімдерге сотталуы мүмкін.

Біз осы көшіру жұмыстары барысында, шеттен келген қандастардың Қазақстан азаматтығын алу кезінде кездесетін қиыншылықтарын ескере отырып, алдағы Көші-қон заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жұмыс тобының  отырысында төмендегі  ұсыныстарымызды ескерулеріңізді сұраймыз.

1. Шетелден немесе Қытайдан көшіп келетін этникалық қазақтарға, сол елдегі Қазақстан елшілігі тарапынан кезексіз виза берілсе дейміз. Себебі: Қазақстанға жай туысқаншылап, немесе сауда-саттықпен келетін адамдардың көптігіне байланысты көшіп келетін қазақтар уақытында виза ала-алмай және көшіп келе алмай жатыр. Соның салдарынан солтүстік облыстарға көшіп келетіндерге бөлінетін жыл сайынғы қаражат игерілмей қалуы мүмкін;

2. Шеттен көшіп келетін қазақтар Қазақстан Республикасының шекарасынан өткенде, олардың жүктерінен кеден салығы алынбай, шекарадан еш кедергісіз өтуіне жағадай жасалуын  қалаймыз. Себебі осыған дейін көшіп келушілердің жүктеріне Қазақстан шекара қызметкерлері «салық төлейсіңдер» деп өткізбей қойғаны туралы ақпарат көп, мысалы: «ШҚО Бақты шегар бекеті», т.б..

3. 2016 жылы алған оралман куәліктің уақытын 1 жылға ұзартуды, осы куәлікті енді алатын қандастарымызға жарамдылық мерзімін 2 жылдық етіп беруді жөн көреміз.

4. Көшіп келген қандастар "ықтяр хат" алмай-ақ бірден азаматтыққа қаблыданғаны абзал. Себебі қандастар "ықтяр хатқа" құжат жинап көп уақытын жоғалтуда және бұл құжаттың еш бір маңызы жоқ.

5. Шеттен келетін қандастарға қоныстану үшін белгіленген солтүстіктегі 7 облыстың әр қайсысында «Қандастарға кеңес беру орталығын» ашып, сол орталықта қандастардың азаматтық алуға керекті құжаттарын тегін аударып, жинап берілуін, оларды сол орталыққа тегін тұрақты тіркеуге алып, оқуға түсетіндерге дайындық курсқа түсу туралы  кеңес берілуін ескерткіміз келеді.

6. Осыған дейін Қазақстанға келіп, түрлі себептерге байланысты Қытай төлқұжаты мен жеке куәлігінің уақытын өтікізіп алған азаматтарды құжаттарын қайта жасату үшін Қытайға баруға мәжбүрлемей, Қазақстан азаматтығына қабылдауды сұраймыз. Неге десеңіздер, Қытайдағы қазіргі жағдайға байланысты олардың құжаттарын Қытай үкіметі ешқашан ауыстырып бермейді.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының азаматтары:

Оразұлы Қыдырәлі, Байтолла Қайрат, Бейсен Ахмет,

Шаймуран Даулетжан, Қали Шаяхмет, Масғұт Серік

Тұрысбай Ардақ, Бекмырза Ерлан, Пәзілхан Темірбек,

Қожамсейт Аралбай, Нұрболат Серікәлі,

Асхатбек Нұрболат, Сарқыт Саулетбай,

Тел: 8707-266-88-99, almed-pharm@mail.ru

Abai.kz

 

 

31 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1526
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3304
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5930