Жұма, 22 Қараша 2024
3541 0 пікір 4 Қаңтар, 2018 сағат 02:55

ЕО мен АҚШ Иран билігін озбырлықтан бас тартуға шақырды

Еуропалық одақ Иран билігінен сөз бостандығы мен халық жиынын сыйлауды талап етіп, қақтығысып жатқан тараптарды зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырады. Бұл жөнінде Еуропалық одақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини мәлімдеді.

Вашингтон болса Иранда зорлық-зомбылықтың өсуінен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жедел отырысын өткізуді талап етеді. Наразылыққа шыққан адамдардың өліміне қатысты Женевадағы Адам құқықтары жөніндегі кеңес пікір білдіру керек деп есептейді БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли.

Сейсенбі күні БҰҰ брифингінде сөйлеген сөзінде Хейли иран демонстранттарын ерліктері үшін мақтан ететінін білдіріп, наразылық шарасы халықтың ішінен туғанын, арнайы ұйымдастырылмағанын мәлімдеді. Осыған дейін Иранның жетекшісі әрі рухани лидері аятолла Али Хаменеи елдің билігіне қарсы Иранның жаулары күш біріктірді деп мәлімдеген болатын.

Иранда 28 желтоқсаннан бері үкіметке қарсы жаппай наразылық митингісінде кемінде 20 қатысушы және кемінде бір полиция өкілі қаза тапты. Сенбі күні Тегеранда 450-ден астам адам ұсталды. Бастапқыда наразылық білдірушілер азық-түлік, тауардың қымбаттауына наразылық білдірген, кейін саяси талапқа ауысты. Қатысушылар қазіргі режимге көңілдері толмайтынын ашық білдіріп жатыр.

Иран президенті Хасан Роухани озбырлық көрсету мен қоғамдық меншікке залал келтіруді айыптады. Бірақ үкіметті елді тәртіпке келтіруге шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322