Жұма, 29 Наурыз 2024
Көршінің көлеңкесі 4354 6 пікір 8 Қаңтар, 2018 сағат 15:27

Қытайға заңсыз алтыны бар кенді өткізбек болған қылмыстық топ құрықталды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) ұзақ уақыт бойы заңсыз өндірілген алтын кенін контрабандалық жолмен Қытайға тасыған "қылмыстық топтың" ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы, Астана және Степногорск қалаларында жүргізілген арнайы операция кезінде, арасында Қытай азаматы бар қылмыстық ұйым мүшелері құрықталған.

"Алтынкөл бекетінде 106 тонна құрамында алтын бар кен тиелген екі вагон тоқтатылып, жалған құжаттар тәркіленгені хабарланып отыр. Алтын кендерін сақтауға арналған орындарға тінту жүргізілді. Кенді алтын барына тексеруге арналған, кішігірім зертхана анықталды. Бұл деректерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды және қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мақсатында жарияланбайды", - дейді комитет өкілдері.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3552