Жұма, 12 Шілде 2024
Жаңалықтар 2979 0 пікір 25 Желтоқсан, 2010 сағат 06:37

Қазақстан ЕҚЫҰ-дағы төрағалық эстафетасын Литваға тапсырды

Астана. 25 желтоқсан. ҚазТАГ – Венадағы Хофбург сарайында ЕҚЫҰ-ның тұрақты кеңесінің биылғы ақтық отырысында салтанатты жағдайда Қазақстан ЕҚЫҰ-дағы төрағалық эстафетасын Литваға өткізді, деп жазады «Казахстанская правда» газеті.

Өзінің кіріспе сөзінде ЕҚЫҰ-дағы тұрақты өкілі Қайрат Әбдрахманов Ұйымға мүше мемлекеттерін 2010-шы жыл бойындағы жемісті жұмысы үшін алғысын айтты.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы биыл тәуелсіздігінің 19 жылдығын атап отырған жас мемлекеттің саяси кемелділігінің белгілі дәрежедегі тесті болғаны атап өтілді. Осы себепті Қазақстан өзінің бастамаларына қолдау білдірген Ұйымға мүше мемлекеттердің барлығына орасан зор алғысын білдірді, делінген мақалада.

«Біздің бәрімізге консенсус принципін ұстануымыз және ЕҚЫҰ-ны онда тұратын халықтардың барлығы үшін XXI-ші ғасырдағы демократияның, тұрақтылық пен гүлденудің біртұтас кеңістігі ретінде қарастыруымыз қажет екендігі айдан анық», - деп айтқан Қ. Әбдрахмановтың сөзін газет келтіреді.

Литваның ЕҚЫҰ-дағы тұрақты өкілі Ренатас Норкус эстафетаны қабылдау барысындағы өзінің сөзінде: «Қазақстандық төрағалық бізге жұмысты қалай ашық жүргізу керектігі туралы көптеген сабақ берді. Саммит өткізілді. Кездесуде бекітілген декларация келесі жылы сындарлы жұмыс атқарудың преспективасын ашып отыр», - деп атап көрсетті.

Бірақ мұнымен Қазақстанның ЕҚЫҰ басқаруындағы жұмысы тоқтап қалмайды, себебі келесі жылы біз «үштік» құрамында жұмысты жалғастыратын боламыз, деп жазады басылым. Литва мен Қазақстанмен қатар оның жұмысына Ирландия да араласады. Бұл ретте Қазақстан келесі жыл бойына азиялық серіктестерімен ынтымақтастық жөніндегі ЕҚЫҰ-ның байланыс тобында төрағалық етеді. Ал 2011-ші жылдың соңғы 4 айына Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумында – Ұйымның әскери мәселелерімен айналысатын негізгі жұмыс органында төрағалық ету міндеті тұр.

0 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1155
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 1786
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 1852