Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3784 0 пікір 24 Желтоқсан, 2010 сағат 12:25

Аллен Даллес: «Отансыз тобыр жасаймыз»

Күллі әлемнің әр қиырына қоныс тепкен ұлттар мен ұлыстар, елдер жаһанданудың құйынан қалай шығамыз деп жанталасып жатыр. Ал енді біреулер үшін «Әлемді жаһандандыру анағұрлым тиімді». Жалпы, ғаламды шарпыған «мылтықсыз майдан» күресі қайдан шықты? Қай кезден басталды? Мұны қарапайым оқырман анықтап білуі үшін екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың сыртқы саясатының басты бағыттарын айқындап берген буржуазиялық идеолог А. Даллестің «алысты көздеген» мына бір астыртын ой-тұжырымын ұсынғанды құп көрдік. Қараңызшы сәп салып, біз осындағы бекітілген жол-жосынмен жүріп, сол ізбен желдірте басып, томпаңдай еріп кеткен жоқпыз ба?! Көз жүгіртіңізші, біздің бүгінгі бағыт-бағдарымыз А. Даллестің кезінде далбаса саналған нұсқауына қарап «бой түзеп», ой қорытып отырған жоқ па? Оның алғашқы жоспары белгілі әдебиеттанушы Дандай Ысқақтың аудармасы бойынша қысқартылып, ұсынылып отыр. Оқыңыз, ойланыңыз!

*  *  *

Соғыс аяқталды. Тіршілік біртіндеп түзелуге бет алып, дүние тыныштала бастады. Осындай кезде біз қолымыздағының бәрін, яғни, алтынымызды, басқа да байлығымызды, бар күшімізді басқаларды ақымақ, мәңгүрт етуге жұмсауға тиіспіз. Адам миы, санасы өзгеруге бейім. Дүниені алақүйын етіп, басқалардың асылын жасанды жасыққа айналдыруға және де олардың сол жасанды жасығын «асылым» деп қабылдауға мәжбүр етуіміз керек. Қалайша?

Әдебиеті мен өнерін, мысалы олардың әлеуметтік мақсат-мүддесін өшіріп, салт-дәстүрін мазақ қып көрсетіп, суреткерлерін қалың көпшіліктің көкейкесті ой-ниеттерін зерттеуден, айшықтап көрсетуден айырамыз. Әдебиеті, театры, киносы бәрі де адами арзан сезімдерді малданатын, мадақтанатын болады. Жезөкшелікті, зорлық-зомбылықты, айуандықты, сатқындықты, яғни ұлтсыздық атаулыны дәріптейтін суреткерсымақтарын қолдаймыз. Ұлттың мүддесін қорғайтын шенеуніктері дөрекі, пәтуасыз ретінде дәріптеліп, күлкі-келекеге жем етіліп, ескінің сарқыншағы делінеді. Екіжүзділік, бетсіздік, суайттық пен сайқалдық, маскүнемдік пен нашақорлық, бірінен бірі хайуандық қорқу, өзара қырқысу, бірін-бірі көре алмаушылық, білімділерін күндеу мен дұшпандық - осының бәрі оларды ыстан бетер қақтайды, күйелейді. Төңірегінде не болып жатқанын аңғара алатындар, түсінетіндер азаяды. Ал, есі барларын дәрменсіздікке ұшыратып, қолжаулық етіп, өлтіре мазақтап, қоғамның сілімтіктеріне айналдырып, масқаралаймыз.

Рухани бейшара, байғұс етіп, адамгершілік атаулыны мүлдем ұмыттырамыз. Ұлтын ойлайтындарды, әсіресе, ұлт үшін жанын беретіндерді, салт-дәстүрлерін дәріптейтіндерді ескішіл, білімсіз деп өздері-ақ мазақ ететін болады. Бала кездерінен, жасөспірім шақтарынан шырғалаңға душар етіп, әбден азғындатамыз. Ибалы қыздарын ардан жұрдай етеміз. Сөйтіп, олардан түйсіксіз, Отансыз тобыр жасаймыз. Ақыры соңында өздерін өлердей жек көретін, өз мәдениетін қораш санайтын «айрықша ұрпақ» өмірге келеді...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354