Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 6126 34 пікір 11 Қаңтар, 2018 сағат 12:19

Бұл он міндет өз маңызын жоймайды

Бүгінгі әлемнің тынысы жиілеп тұр. Қос өкпеден қысқан түрлі дағдарыстардың әсерінен бе екен, әйтеуір жан баққан тіршіліктің алаң болар жайы да азаймай келеді. Бірімен бірі  мидай араласып  кетіп бара  жатқан заманның қазіргі дидары да, талабы да, талғамы да мүлдем басқа. Жаһандану деп жүрген сол талапты дүниенің ендігі ауасын жұтып, суып ішіп дегендей өмір сүруің үшін тірі болуың, тірі болуың үшін ірі болуың керек. Әйтпесе мына заманның шаңын қауып қаларың кәдік емес. Елбасы бізге, яғни, өз халқына осы жағдайды үнемі айтумен келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауының  да түпкі мәні мен ойы осыған келіп саяды. Рас, Елбасы айтып отырғанындай,  Қазақстан осы уақытқа шейін əлемдегі түрлі дағдарыстар мен сан алуан сынақтарға төтеп бере алды. Соның нәтижесінде ел  экономикасы қарқынды даму жолына түсті. Қазақстанның  2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы мен  жүз нақты қадам Ұлт жоспары  да белгіленді. Алайда өсеміз, өркендейміз, мемлекетіміздің қуатын арттырамыз деп отырған жалғыз біз ғана емеспіз ғой. Жер бетіндегі мемлекеттердің барлығы да өскісі, өркендегісі келіп отыр.  Сол үшін бәрі де жан таласып  жатыр.

Осы бір жанталасты дүние бәсекесінде ұтамыз ба, ұтыламыз ба, ол енді келіп өзімізге байланысты. Рас, бұрынғыдай емес масылдық пиғылдан арылып келеміз. Еңбек етсең ғана қолың әлдебір игілікке жететіндігін де түсінген сыңайлымыз. Бірақ,бұрынғы еңбек пен ендігі заманның еңбегінің арасында да жер мен көктей алшақтық айырма жол сала бастады.

Елбасы өз Жолдауын «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп атауы да негізсіз емес.  Өнеркәсіптік революция адам  өмірінің  сан саласын қамтып, ол ендігі жағдайда адам баласының ақыл-ой санасына да, тұрмысы мен ғұрпына да, мына өмірге де, тұтас әлемге деген  көзқарастарына да, таным-түйсіктеріне  де  түбегейлі  өзгерістер әкелері хақ. Жеке халықтың  да, тұтас мемлекеттің  де ендігі тағдырын осы өнеркәсіптік революцияның анықтауы да ғажап емес.   Өйткені, ендігі арада өнеркәсібі қуатты да дамыған елдер ғана экономикалық саясатты анықтап, өз ойы мен өз дегендерін жүзеге асыруға ұмтылатын болады. Мұны әлем дамуының қазіргі үрдісінен-ақ байқауға болады.

Міне, осы ой төңірегіндегі одан әргі әңгімемізді сабақтайтын болсақ, заманның даму заңдылықтары мен қауіп-қатерлерін  Елбасы алдын ала болжап, айтып та келеді,соған төтеп бере аларлық қауқары бар  бағдарламалық істерді жасатып та келеді. Соның бір жарқын мысалы-Қазақстанды индустрияландыру болса керек. Бұл жолғы осы ндустрияландырудың міндеттерін дұрыс жүзеге асыра алсақ, бұл тәуелсіз Қазақстанның болашағын, тіпті оның тағдырын анықтайтын маңызы бар екендігін түсіне білуіміз керек.

Елбасының Жолдауында атап көрсетіліп, ел алдына қойылып отырған 10 міндеттің қашан болсын өз маңызын жоймайтындығы тағы да бар. Сол он міндеттің кез келгенін алыңыз барлығының да еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында, рухани жаңғыруында, тарих сахнасына бұрынғыдан да берік орныға түсуінде, әлемдік саясатта өз сөзіңді бүгінгідей айтуың үшін де аса зор маңызы бар екендігі дау тудырмайтын мәселе.

«Қазақстан 2050» даму Стратегиясында белгіленген реформаларды жүргізе отырып және де  еліміздің Үшінші жаңғыруын бастап кеткен бүгінгі жағдайда  Елбасы өз Жолдауында айтып отырғанындай «Бүгін адамзат жаңа өнеркəсіптік революция дəуіріне аяқ басып отыр. Заманауи технологиялар дүниені өзгеріске ұшыратуда. Жаһандық технологиялық ілгері леу шіліктер өзімен бірге сын-қатерлерді де, сондай-ақ өсімнің жаңа мүмкіндіктерін де алып келуде. Бұл – біздің əлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына жедел ену үшін тарихи мүмкіндігіміз»,-деді.

Тарихи мүмкіндік! Расында да бұл қазір және тіпті жедел, тіпті ұйқы-күлкі көрмей де біздің аса тиімді пайдаланып қалуға тиісті тарихи мүмкіндігіміз! Сол тарихи  мүмкіндікті тағы да жедел пайдаланып қалудың тағы бір маңызы бар. Ал бұл келіп, өз еліміз   бен  болашағымыздың  және келер ұрпағымыздың тағдыры  алдындағы ұлы жауапкершілікке әкеліп саяды. Тереңірек зерделер болсақ, Қазақстан индустриясына  жаңа технологияларды енгізудің,  ел өнеркəсібіндегі еңбек өнім ділігінің деңгейін  кһтеру мен өндірістік процестерді цифрландыру жəне заманауи бизнес- модельдерді меңгеру,  Қазақстанның ресурстық əлеуетін пайдаланудың тиімділігін  жақсарту,ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу,  агроөнеркəсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру  және де транспорт пен логистикалық инфрақұрылымды одан əрі дамыта беру сияқты Елбасы алға тартып отырған осы міндеттердің қайсысын, кәне бүгінгі даму процестері үшін маңызыды емес деп айта аларсыз.   Бәрі де маңызды және де бұл міндеттерде әрқайсымыздың өмір тынысымыз, әрбірден соң ел тағдырымен қоса өз тағдырымыз жатыр.

Бәріміздің  өміріміз жол үстінде өтіп жатыр. Бәріміз де жолаушымыз!  Осы бір ой төңірегінде отырып, назарым Жолдаудың «Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру» атты төртінші міндетке еріксіз тоқтап, осы мәселеге ерекше ден қойдым. Өйткені бр біріне жолдың аманшылығын тілеп және де сапарға шығарда жолаяқ жасайтын ғұрпы бар халқымыз қашан болсын қара  жолды қасиет  тұта білген. Осы орайда бүгінгі Қазақстанның    қай салада болмасын ілгерілеп кетуінің бір тармағы осы жолымызда жатыр. Елбасы  көлік-логистика мәселесін бір бүгін ғана айтып отырған жоқ.Бұл мәселеге Мемлекет басшысы тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдерінен бастап көңіл бөліп, үзбей дамытудың талабын қойып, соны ұдайы айтып, өз бақылауында ұстап келеді.

Қазақстанның қазірдің өзінде   көліктік ірі аймаққа айналып отыр. Қазір Қазақстан арқылы бір­неше трансконтинентальды коридор өтендігі де белгілі. Соның нәтижесі болар, Жолдауда атап көрсетілгеніндей, Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 2017 жылы 17 процентке өсіп, ол 17миллион тоннаға жуықтаса, енді  транзиттен түсетін сол  жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті қойылды. Осы бес миллиард долларға қол жетер болса, онда осы көлік-логистика  инфрақұрылымына жұмсалған мемлекет қаражатының тез арада қайтарымы да болады.

Әрине, көлік-логистка саласын дамытып, жетілдіруге әлемнің кез келген мемлекеттерінің де ынталы болып, олар да осы саланы жетілдірудің не бр амал-тәсілдерін жасап жатқандықтары да анық. уға мүмкіндік береді. Біз де солай жасауға міндеттіміз. Елбасы бұл орайда өз Жолдауында жүк қозғалысын «онлайн» жүйесінде бақылап, олардың кедер­гісіз тасымалын қамтамасыз етіп отыруды және де кедендік опе­рацияларды жеңілдету мақсатымен «блокчейн» сияқты цифр­лық тех­нологиялардың ауқымды түрде енгі­зілуін қамтамасыз етуді алға тартады. Өйткені, осы күнгі бұл заманауи шешімдер көлік-логистика саласының барлық буынының өзара байланысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.  Міне, осы аса маңызды саланың әлемдік озық үрдіспен дамуы мен жұмыс істеуін қамтамсыз ету үшін  жыл сайын  бұған бөлінетін бюд­жет қаражатының жалпы көлемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 мил­лиард теңгеге жеткізу  көзделіп отыр.

Әрине, Елбасының биылғы Жолдауында елдің алдына қойылып отырған он міндеттің әрқайсысының да   өмірлік,тарихи маңыздылығы орасан екендігін айтуға болады. Негізгі бағыт, әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену болса, енді келіп осы он міндет сол мақсатқа жету жолымыздағы темірқазығымыз іспеттес. Мақсатқа адаспай жету үшін ел бірлігін бәрінен де жоғары қояйық!

Жабал Ерғалиев, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Abai.kz

34 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394