Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
4933 0 пікір 25 Қаңтар, 2018 сағат 08:31

Қырғызстанда атқарушы билік штатын қысқартады

Қырғызстанда атқарушы билік жүйесін реформалау жөніндегі мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл туралы үкімет аппаратының баспасөз хатшысы Чингиз Эсенгулов хабарлады.

Оның айтуынша, комиссия бір айдың ішінде атқарушы билік органдары штаты мен оны басқару жүйесін тексеріп, ұсыныс дайындайды.

Хабарларға қарағанда, қырғыз үкіметі атқарушы биліктің оннан бірін қысқартуды көздеп отыр.

Комиссия жұмысы аяқталғанша жаңа қызметкерлер қабылданбайды.

Реформа жаңа үкімет бағдарламасы аясында жүргізіліп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1521
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3135
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1131
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1050