Жұма, 22 Қараша 2024
6289 1 пікір 25 Қаңтар, 2018 сағат 08:33

Ферғана басшысы автобус өртінен қаза болғандардың туыстарын "жетесіз" деп балағаттады

Өзбекстандағы Ферғана облысының басшысы Шухрат Ганиевтің Ташлак ауданы тұрғындары мен басшылары қатысқан жиында сөйлеген сөзі басылған таспа интернетте тарады.

Жиналыста облыс басшысы Ақтөбе облысында автобустың өртенуінен қаза болған 52 өзбектің 16-сы Ташлак ауданынан екенін айтқан.

Ганиевтің пікірінше, аудан тұрғындары мен билігі жастарды Өзбекстандағы үйлерді ұстай алмаған, сол арқылы "аймақты масқаралаған". Бұған қоса ол аймақ тұрғындары осы қателігі үшін қажылыққа бара алмауы мүмкін екендігін ескертті.

"Ташлак ауданында бірнеше жетесіз бар! Жетесіздерді жетесіз деп атау керек! Ташлак ауданынан ешкім қажылыққа бармайды! Ешкім! Бойдақтарды қалай [Ресейге] жіберуге болады? Олардың ата-аналары қайда қалды? Ата-аналарының көзі жоқ па? Қажет десе, ертең маған шағымданып келсін. Біздің облысты бүкіл республикаға масқаралады!" - деп қорқытты Ганиев.

Өзбекстанның еңбек мигранттары мінген автобус Шымкент-Самара тас жолында өртеніп, соның салдарынан 52 өзбек мерт болды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333