Сейсенбі, 8 Сәуір 2025
6454 7 пікір 31 Қаңтар, 2018 сағат 10:20

Путин "Кремль есебіне" қатысты жауап қатты

Бүгін Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың санкциялар туралы заңының жалғасы ретінде жариялаған «жаңа тізімін» «достық әрекет емес» деп бағалады. Мәскеуде өзінің сайлауалды компаниясына арналған жиында Путин Кремль АҚШ-қа жауап ретінде әлдебір қадамдар жоспарламайтынын айтты.

Қаңтардың 30-ы АҚШ Қаржы министрлігі Ресей президенті Владимир Путинге жақын делінген және болашақта санкция салынуы мүмкін адамдардың «Кремль есебі» деп аталатын тізімін жариялаған. Құжатқа ресейлік 144 жоғары лауазымды қызметкер мен 96 "олигарх" енгізілген.

«Путиннің тізімі» деп аталған бейресми тізімде Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев пен Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бар. Тізімде Федерация кеңесінің басшысы, Мемлекеттік Дума төрағасы, Сыртқы барлау қызметінің директоры, Тергеу комитетінің төрағасы, ФСБ басшысы және Мәскеу мэрінің аты-жөні көрсетілген.

Олигархтар мен бизнесмендерден Алишер Усманов, Роман Абрамович, Сулейман Керимовтер тізімге іліккен.

"Кремль есебіне" қамтылған шенеуніктер мен олигархтарға болашақта санкция салынуы мүмкін. Алайда АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі әзірге жақын арада ондай шара болмайтынын айтады.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1585
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4307
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3218