Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
5601 2 пікір 31 Қаңтар, 2018 сағат 10:23

Астана "экстремизммен күрес" бағдарламасына 286 млрд бөледі

Қазақстан билігі "діни экстремизм және терроризмге қарсы тұру жөніндегі" мемлекеттік бағдарламаға бес жыл көлемінде 286 миллиардтан астам теңге (888 млн доллардан астам) бөледі.

Жоба "Ашық нормативтік заң актілері" сайтында жарияланды. Талқылауға ұсынылған бағдарлама 6 ақпанға дейін сайтта тұрады. Қазір оны ешкім талқылап жатқан жоқ.

Бағдарлама 2018–2022 жылдарға арналған. Жобаға сәйкес, билік қаражатты республикалық және жергілікті бюджеттерге бөледі.

Мемлекеттік бағдарламаны дайындау және жүзеге асыру Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүктелген. Сонымен бірге бағдарламаның жүзеге асуына бірнеше министрлік, солардың ішінде ақпарат және коммуникациялар министрлігі де жауапты.

Бұның алдында ақпарат және коммуникациялар министрлігі өткен жылы мемлекеттік тапсырма аясында қазақстандық БАҚқа қанша қаражат жолданғаны туралы мәліметті "Құқықтық медиа-орталық" қоғамдық қорына бермеген. Сот қоғамдық ұйымның бұған қатысты шағымын қарамады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036