Сенбі, 23 Қараша 2024
3140 0 пікір 9 Ақпан, 2018 сағат 09:05

Мирзияевтің Әндіжанға сапары қарсаңында жергілікті кәсіпкерлерді қаражат жұмсауға мәжбүрлеген

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Әндіжан облысына сапары қарсаңында Әндіжан – Ханабад арасындағы 77,2 шақырымдық тас жолды гүлдендіріп жатыр.

Әндіжан облысында осы жұмысқа тартылған кәсіпкерлердің бірінің айтуынша, ол мемлекет басшысының сапарына дайындық жұмысына 500 доллар жаратуға тура келген.

Сөзінің шын екенінің дәлелі ретінде ол Озодлик радиосының редакциясына облыста құрылысы бітпеген нысандарды темірмен қоршап қойғаны бейнеленген суреттер жолдаған.

Аймақтағы тағы бір кәсіпкер облыс басшылығы кәсіпкерлерді мәжбүрлеп жатқанын хабарлады.

"Бұл - хокимияттың тапсырмасы. Президент кортежі жүріп өтетін жол бойын әрлендіріп жатыр. Біздің фирма ірі болғандықтан, шамамен 1 мың доллар жұмсауға тура келді. Жергілікті билік бізге жол жақтағы үйлердің шатырларын қызыл түске бояу, қабырғаларын сырлауды тапсырды. Кәсіпкерлердің ешқайсысы қарсы шыға алмады. Олар кәсібіне кесірі тиіп кетеді деп қорқады", - деді ол.

Дегенмен Әндіжан облысы хокимиятының қызметкерлері кәсіпкерлердің сөздерін жоққа шығарып отыр. Жергілікті билік мемлекет басшысын күтіп алуға дайындыққа олар өз еркімен қатысып жатыр дейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408