Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3176 0 пікір 13 Қаңтар, 2011 сағат 05:49

Нағашыбай Қабылбек. «Айқап» журналына 100 жыл

Құм жиналып тас болмайтыны секілді, түбінде негізі жоқ кез келген нәрсенің ғұмыры ұзақ болған емес. Сол сияқты қазақ журналистикасы жайлы сөз еткенде тамыры терең, діңі мықты қазақ баспасөзінің өткеніне көз жүгертіп қою аз, тереңіне үңіліп, тұнығына жүзіңді шайып, бастауына шөліңді қандырғаның мақұл. Сонда ғана Алаш баласының асқақ арманымен қауышып, адуынды ойларына жаның семіреді, ағайын. Жел сөзге желігіп жүргендер осыны ескерсе ғой.

«Аманат» интелектуалды пікір-сайыс клубы «Айқап» журналының 100 жылдығына орай қаңтар айының 6 күні Астанадағы «RIXOS» қонақ үйінде журналистердің басын қосып келелі әңгіме қозғады. Оған зиялы қауым өкілдері де қатысты.

Пікір сайыс клубының талқыға салған тақырыбы: «Қазақ баспасөзі: Кешегісі мен бүгіні». Жиын барысында қазақ журналистикасының кешегісімен бүгіні, қоғамның өзекті мәселелерін айтудағы екі дәуір ұландарының рух сабақтастығы, турашылдығы, табандылығы қаншалықты дәрежеде деген пікір төңірегінде ой өрбіді.

Құм жиналып тас болмайтыны секілді, түбінде негізі жоқ кез келген нәрсенің ғұмыры ұзақ болған емес. Сол сияқты қазақ журналистикасы жайлы сөз еткенде тамыры терең, діңі мықты қазақ баспасөзінің өткеніне көз жүгертіп қою аз, тереңіне үңіліп, тұнығына жүзіңді шайып, бастауына шөліңді қандырғаның мақұл. Сонда ғана Алаш баласының асқақ арманымен қауышып, адуынды ойларына жаның семіреді, ағайын. Жел сөзге желігіп жүргендер осыны ескерсе ғой.

«Аманат» интелектуалды пікір-сайыс клубы «Айқап» журналының 100 жылдығына орай қаңтар айының 6 күні Астанадағы «RIXOS» қонақ үйінде журналистердің басын қосып келелі әңгіме қозғады. Оған зиялы қауым өкілдері де қатысты.

Пікір сайыс клубының талқыға салған тақырыбы: «Қазақ баспасөзі: Кешегісі мен бүгіні». Жиын барысында қазақ журналистикасының кешегісімен бүгіні, қоғамның өзекті мәселелерін айтудағы екі дәуір ұландарының рух сабақтастығы, турашылдығы, табандылығы қаншалықты дәрежеде деген пікір төңірегінде ой өрбіді.

«Айқап» журналының шығу тарихына қысқаша шолу жасаған филология ғылымының кандидаты, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Қайрат Сақ мырза былай деді. «Журналдың «Айқап» аталуының өзіндік мәні бар. Қазақ ылғи «қап ай» деп өкініп жатады. Өкініштің зардабын келешекте көп тартпас үшін журнал ұжымы «Айқап» атауын қолайлы көрген. Осы атаумен журнал төрт жылдан астам уақыт мемлекеттің қолдауымен емес, тікелей халықтың және шығарушылардың қаржысымен жарық көріп отырған. Қазақ даласында тың серпіліс жасап, қазақ баласын жаппай сауаттандыруға, көзін ашуға ұмтылған басылымның бірі осы «Айқап».  Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында «Айқап» журналының 100 жылдығын атап өту ұлтымыз үшін мақтаныш». Сөзін осылай сабақтап алған Қайрат мырза Қазақ баспасөзі тарихын 3 кезеңге бөлді. Патшалық Ресей кезеңі, Тотолитарлық кеңестік кезең және Тәуелсіздік кезең. Үш кезеңге арнайы тоқтала отырып қазақ баспасөзінің осы аралықтарда ұлт руханияты үшін жасаған өлшеусіз еңбегін санамалап шықты. Қаншама қыспақта, бұғауда болсада елге бағыт-бағдар беруде, алаш зиялыларының халық мүддесі жолындағы қажырлы істері, солақай саясаттың көлеңкелі жақтарын астарлап елге жеткізуі ерлікке пара-пар екенін баса айтты.

Расы керек, Алаш арыстарымен салыстырғанда ұлттық мүддеге қатысты қалам тартқанда біз жалтақ, жайдақ, жалпылама, атүсті жазып жүргендейміз. Кейбір проблемалық материалдарды зерттеп зерделеу барысында асығыстық байқалады. Тілдік қордың аздығынан, жалаң сөздер үстемдік құрып, нардың жүгін көтеріп тұрған кей мақалалар ақпараттық деңгейден аса алмауда. Тақырып таңдауда да кемшін түсіп жататынымыз жасырын емес.

Жиынға қатысқан мәжіліс депутаты Жарасбай Сүлейменов өзінің жүрекжарды ойын былай білдірді. «Қазақтың біртуар ұлы Ахмет Байтұрсынов «қай елдің баспасөзі мықты болса, сол ұлттың өзі де мықты» деген. Оны кезінде «Айқап», «Қазақ» журналдары сөзімен, ісімен қалың қазаққа таныта білді. Қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтарды жеткізуде газет-журналдар халықтың көзі мен құлағы болып келеді.  Кезінде Наполеон да «мың жау әскерінен гөрі жат пиғылды төрт газеттен көбірек қорқу керек» деген екен. Мен елімізде шығатын газеттердің бәріне сараптама жасаудан аулақпын. Әр газеттің өз ұстанымы бар. Өзіме қажетті қызықты материалдарды оқып шығуға пейілмін. Сонда байқайтыным қазақ газеттерінің инкубатордың балапанындай бірінен бірінің аумайтыны. Тіпті, кейде бірінен бірі көшіріп алып басып жатқандай әсерге бөленесің. Бұл біліктіліктің аздығынан. Тың тақырыптарға түрен салмаудан. Интернетке құмарлықтан туындаған «ауру». Әйтпесе қаламымен қасқыр соққан талантты журналистер бізде көп».

Біз халық қалаулысының сыни ескертпелерін ғана теріп алып ұсынып отырмыз. Болат Атабаев ағамызға қарағанда Жарасбай Сүлейменовтың сөзі «айналайынға» келіңкірейді. Атабаев ағамыз қазақ журналистикасын, қазақ журналистерін іске алғысыз қылып тастағанда кірерге тесік таба алмай қиналғанымыз рас. Жарасбай ағамыз оның қасында сипай қамшылап, жігерімізді жанып отыр емес пе?

Жоғарыдағы Наполеонның сөзіне сүйенсек, шындықты шырылдап айтатын (бірақ жат пиғылды емес) қазақ тілді газет-журналдар  жарық көріп келеді. Олар қасиетті жеріміздің ертеңіне алаңдап, сау бастарына сақина тілеп алғандар. Өкінішті жері билік сын ескертпелерден нәтиже шығарар емес. Таралымының аздығынан қазақ баспасөзі (шындықты көзге шұқып айтатындары) халықтың қолына тимейді. Бұларға жоламаса да Жакең мәселеге басқа қырынан келді. «Елімізде тарайтын 8 мыңға жуық бұқаралық ақпарат құралдарының 7551 орыс тілінде, 453 ғана қазақ тілінде шығатын көрінеді. Ресейден келетін 2258 газет журнал ағынын қосыңыз әлгі қомақты цифрға. 16 млн халқы бар ел аумағында тарайтын қазақ тілді басылым жүйесі 6 пайызғада жетпейді екен. Осындай жағдайда қандай ақпараттық қауіпсіздік жөнінде сөз қозғауға болады. Бұл көрсеткіш елімізде ұлттық баспасөз кеңістігінің қалыптаса алмай отырғанын көрсетеді. «Қазақстандық ақпарат құралдары Ресейлік аудиториямен күресу үшін бәсекеге қабілетті болуы керек» деп еді Кәрім Мәсімов бір отырыста. Сол айтпақшы, біздің журналистер ендігі кезекте халықты сендіре алатын шынайы, өткір, өтімді мақалаларды жанына серік етуі керек. Әйтпесе «Айқап», «Қазақ» журналдарының деңгейіне көтеріле алмаймыз» деді халық қалаулысы. Халықты сендіру үшін қалай жазу керек екенін айта алмады демесең, қазақ баспасөзіне қабырғасы қайысатынын білдіріп өтті.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Данагүл Махат та қазақ журналистикасы жайлы тебірене сөйледі. Патшалық Ресей мен кешегі кеңестік кезеңдегі газет-журналдарды түпкілікті зерттеп жүргенін сөз саптасынан аңғару қиын емес еді.

«Астана» журналының редакторы Мақсат Тәж-Мұрат та қазақ баспасөзінің бүгіні мен ертеңіне шолу жасап, «Айқап», «Қазақ» журналдарының арасындағы кейбір түсінбеушілікке өз көзқарасын білдірді.

Пікірсайысқа қатысқан журналистер де көкейлерінде жүрген көрікті ойларын айтып қалуға тырысты. Алаштың рухын көтерген «Айқап» журналын жайлы жақсы әсер алсақ та, ұлтым деп еңірегенде кеңірдектері жыртылатын кей азаматтардың келмегенін неге жорырымызды білмедік.

www.masa.kz cайты

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419