Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 7634 12 пікір 19 Ақпан, 2018 сағат 09:43

Екі гүлді будандастырып, «отбасы бақыты» гүлін өсіргім келеді

Менің жасым – онда. Үйде гүл өсіріп, бос уақытымды пайдалы өткіземін. Соңғы уақыттары, гүлді жақсы көріп ғана қоймай, отбасыма бір сый жасағым келіп жүрген. Сол мақсатым – мектептегі ғылыми конференция уақытында орындалайын деп отыр.

Бір ай болды, еркек бақыты мен әйел бақыты гүлдерінің ортақ ұқсастықтары мен ерекшеліктерін өзімше зерттеп жүргеніме. Әрине, ғылыми жетекшім -ұстазым Шынар Халилқызының көмегімен. Сонымен, екі гүлді будандастырып, жаңа  түр - «отбасы бақыты» гүлін өсіргім келеді.  Менің алдымда, олардың өсу жолын, технологиясын зерттеу мақсаты тұр. Одан бөлек, гүлдерді зерттеу, баптау, өсіру, тіпті, жаңа пайда болған гүлді зерттеу күнделікті уақытымның бір бөлігіне айналды.

«Рухани жаңғыру» - әр адамның отбасынан басталады, - деп апайым үнемі айтып отырады. Міне, менің міндетім де сол, бұл еңбегімді әулетімнің жетістігіне арнағым келеді. Айтпақшы, түрлі оқулықтарды оқып, деректер жинауға тура келеді. Түрлі кітаптары оқып, гүлдің түрлері мен оның адам баласына пайдасы туралы мол ақпаратқа қанықтым.

Енді, жетекшіммен бірге зерттеп жүрген жұмысым туралы ақпарат бере кетейін.

Кітаптағы зерттеулерге қарасақ, Антуриум (лат. Anthurium) – шаяноттар тұқымдасының 113 тегінің бірі. Антуриумды әркім әрқалай атайды, мысалы «махаббат гүлі», «ер азаматтардың бақыты» сияқты атаулар да берген. Бойының биіктігі түрлеріне қарай 2 метрге дейін болады. Бір антуриум 5-6 гүлге дейін шығарады. Мен осы гүлдің түр-түрін кеңінен зерттегім келеді.

Антуриум өзінің әдемі гүлдерімен ерекше бағаланады. Гүлдерінің түсі ақ, қызыл және жылтыр күлгін болады. Біздің елде өсетін түрлері туралы мәліметтер аз.

Ал, «Әйел бақыты» деген атпен атап жүрген - Спатифиллум (лат. Spathiphyllum) шаяноттар тұқымдасының 113 тегінің бірі. Қазақстанда тек бөлме өсiмдiктерi түрінде өседі. Ол көбінесе «Әйел бақыты» деген атпен белгілі. Бұл аялы алақанға ұқсайтын гүлдеріне байланысты болуы мүмкін. Көбіне бұл шөп тектес өсiмдiк. Әдетте 60 см өседі. Ол мәңгi жасыл өсімдік. Мамырда гүлдейдi. Тамырсабақ қысқа. Сабақты болмайды - тамыр қасындағы жапырақтар топырақтан шоқ тiкелей құрастырады.

Өсімдіктер әлемі адамға әдемілік ғана сыйлап қйомайды, ол денсаулыққа оң әсер етеді (әрине, кейбіреулерінен басқалары). Гүл өскен ортада, тазалық, татулық пен бірлік, жақсылық пен жомарттық болады дейді үлкен кісілер.  Ұлыбританияның биолог мамандары «өсімдіктердің адамнан өзгешілігі жоқ, олар да адамдар сияқты көреді, иісті сезе алады, оларда есту қабілеті мен дәм сезу қасиеті дамыған» деп тұжырымдаған. Олай болса, гүлдер де иіс сезеді, бір-бірімен араласады деген сөз. Әуенді жақсы қабылдап, соған орай өсетін көрінеді. Ғылыми кітаптардан оқып едім, мысалы, цикламендер - джазды, мимоза мен сүмбілшаштар - Чайковскийдің шығармаларын, флокс пен табақ - Вагнердің операсын ұнатады екен. Міне, қараңыз. Адам мен өсімдік арасында қандай да бір ортақ байланыс бар. Өзіңіз байқап көріңіз, көңіл-күйіңіз болмаса, өсімдік арасында жүріңіз. Бір сәтте жақсарып қаласыз. Ал, адам ауырып қалса, өсімдікке ол да әсер етеді. Олар да қурап, мазасы кетеді. Эколог-мамандар, үйге және кеңселерге гүл өсіріп, табиғи ортаны таза ұстауға кеңес береді. Менің де кеңесім бар, гүлді тек апа-аналарымыз ғана емес, ер адамдар да өсірсе, адам табиғатына жат емес. Әсемдік тек, әйелге ғана емес, ер адамның да өмірін гүлге айналдырып, жақсылыққа жетелейді. Маған, сәттілік тілеп қойыңыздар!

Арнұр Бауыржанұлы, Астана қаласы, 14 мектеп - гимназиясының 4 сынып оқушысы

 

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406