Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Анық-қанығы 4831 128 пікір 23 Ақпан, 2018 сағат 12:29

Қамауға алынған қырғыз депутаты Қазақстан азаматы болып шықты

Алматы облысы мен бірқатар өңірлерде жүргізілген арнайы операция кезінде ұсталған қырғыз депутатына қатысты жаңа дерек пайда болды.  Дәлірек айтсақ, Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты Дамирбек Асылбекұлы Қазақстан Республикасының азаматы болып шықты.

Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мырза мәлімдеді.

Оның айтуынша, қамауға алынған қырғыз депутаты Жамбыл облысының Қордай ауданының тұрғыны. Ұлты - қазақ екен. Дамирбек Асылбекұлы кәмелет жасқа толғаннан кейін жеке басын растайтын куәлік пен Қазақстанның паспортын алған. 2010 жылы куәлік мерзімінің аяқталуына байланысты құжаттарын қайта жаңалаған.

"Қазақстан азаматтығынан шығу туралы арнайы органдарға өтініш жазбаған. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүріп жатыр",-дейді Садубаев мырза.

Естеріңізге сала кетейік, 15-16 ақпан күндері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында арнайы операция жүріп, 8 ұйымдасқан қылмыстық топтың 35 мүшесі құрықталған болатын. Олардың ішінде Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қырғыз Парламентіндегі "Қырғызстан" фракциясының өкілі Дамирбек Асылбекұлы да болған.

Ал 17 ақпан күні Алматыдағы Алмалы аудандық соты 17 адамды қамау туралы шешім шығарған. Бұл 17 адамның үшеуі Қырғызстан азаматы. Құрықталған азаматтарға - экономикалық контрабандамен айналысты деген айып тағылып отыр.

Abai.kz

128 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2060