Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
5408 0 пікір 26 Ақпан, 2018 сағат 09:08

Ауыл дәрігері Бішкектен хирургты күтіп, 8 сағат бойында науқастың көктамырын ұстап тұрған

Қырғызстанның Талас облысы, Бакай-Ата елді мекеніндегі аурухана дәрігері пышақ жарақатынан науқастың қансыраған көктамырын 8 сағат бойында ұстап тұрған.

Ол Бішкектен хирург Марип Ибраимовты күткен. Науқас аман қалған. Бұл жөнінде дәрігер Эльзар Токтоназаров әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.

Көкірек тұсына пышақ жарасын алған 30 жастағы ер адам 21 ақпанда ауруханаға түскен. Шұғыл түрде Бішкектен тамырға ота жасайтын хирург шақырылған. Дәрігер сегіз сағаттан соң жеткен, ота сәтті өткен.

Хирургтың ақпаратынша, науқастың жағдайы бірқалыпты. Науқас жарақатты алкогольді ішімдік ішіп, төбелескеннен алған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 658
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1948
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 483
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 452