Жұма, 22 Қараша 2024
3938 0 пікір 26 Ақпан, 2018 сағат 09:13

Ташкент экс-бас прокурор Рашид Кадыровтың ұсталғанын растады

Өзбекстанның бас прокуратурасы бұрынғы бас прокурор Рашид Кадыровтың ұсталғанын ресми растады. Аталған мекеменің мәліметіне қарағанда, Кадыровқа қатысты Қылмыстық кодекстің 165-бабы («Бопсалаушылық»), 205-бабы(«Билікті немесе қылмысын асыра пайдалану») және 210-бабы («Пара алу») бойынша айыптар тағылған.

Бас прокуратура баспасөз қызметінің өкілі Вохид Шаропов 23 ақпанда «Кадыров қамауға алынған жоқ, оған қатысты ешқандай тергеу жүріп жатқан жоқ» деп мәлімдеген. Бірақ 24 ақпанда мекеме ресми түрде Рашид Кадыровтың ұсталғанын, оған қатысты үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Дереккөздің хабарлауынша, 22 ақпанда Рашид Кадыровтың үйін тінтіп, өзінің қолына кісен салып, алып кеткен. Экс-бас прокурордың 42 жастағы ұлы Әлішер Кадыров он күн бұрын елден қашып кеткен.

66 жастағы Рашид Кадыровты өзі он бес жыл басқарған бақылау органы тергеп жатыр. Ол 2015 жылдың сәуір айында отставкаға кеткен. Дереккөздің мәліметінше, Кадыровпен бірге тағы да прокуратураның бұрынғы екі шенеунігі ұсталған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297