Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Бетбұрыс 6615 7 пікір 28 Ақпан, 2018 сағат 13:28

«Мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту туралы» заң жобасын әзірлеу керек

Алдыңғы күні Прездент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіру жөнінде пікір білдіріп, Үкімет пен Парламентке тапсырма берген еді. Енді, Үкімет те, Парламент те жұмысты тек Мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде жұргізуі тиіс.

Осыған орай, бүгін Мәжілістегі "Ақжол" фракциясының депутаттары Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдады. Елбасының қазақ тілі туралы берілген тапсырмасын нақты орындау мақсатында, «Мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту туралы» заң жобасын дайындауға шақырады.


Күні кеше ғана,Елбасымыз мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында: «Парламент пен Үкіметтің жұмысы тек мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс» деп, тайға таңба басқандай нақты тапсырма берді.

Бұл Тәуелсіздігі ширек ғасырдан асқан Қазақ Елі үшін өте орынды және дер кезінде берген тапсырма.

Біз, Ақжол фракциясы Елбасының бұл тапсырмасын толық және қызу қолдай отыра, оны жүзеге асыруға атсалысуға дайындығымызды білдіреміз.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Ақжол партиясының тұңғыш рет парламенттік фракциясы құрылғаннан кейін, біздің ең алғашқы дайындағаны да дәл осы «Мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту туралы» заң жобасы еді.

Бірақ, біз оны ұсынған кезде, Үкіметтің ведомство-аралық комиссиясы жобаны қолдаудан бас тартып, іске асыруға жол бермеді.

Мүмкін, Үкімет ол кезде осындай әрекет әлі ерте деп санаған шығар.

Ал бүгінде Елбасымыздың өзі бұндай бастамаға ұйтқы болғандықтан, бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайды.

Біздің ойымызша қазіргі кезде қоғам да пісіп жетіліп, уақыт та келді.

Баршаңызға белгілі, бүгінде мектеп қабырғасындағы оқушылардың 80 пайызы қазақ тілінде білім алуда, яғни біздің болашағымыз, 21 ғасырдағы өміріміз де осы қазақ тілімен тығыз байланысты, тіпті қазақ тілінсіз мүмкін емес деп те айтуға болады.

Сол себепті, «Ақ жол», бизнес партиясы ретінде бұл игі бастаманы тек саясат пен мемлекеттік қызмет аясында ғана емес, жалпы экономикалық негізде де қолдануды сұрайды.

Мемлекеттік тілімізге экономикада сұраныс туып, ана тіліміз ғылым мен технология тіліне айналатын болса, тіліміздің болашағы да сенімді болар еді.

Елбасының нақты тапсырмаларын құптай отыра, оны келесі ұсыныстарымен толықтырсақ:

1.1.Казіргі кезде қазақ тілінен емтиханды тек Президентікке үміткерлер ғана тапсырады.

Біздін ойымызша, мемлекеттік тілді міндетті түрде игеруге тиісті лауазымды шенеунектердің тізімін одан да кеңейтуді қарастыру керек.

2.1.Қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында мемлекеттік тілдің қоладанылу саласын кеңейту, сондай-ақ кадрларда қазақстандық қамтуды ұлғайту мақсатында әлеуетті инвесторларға (шетелдік компанияларды қоса алғанда) инвестициялық преференцияларды бергенде, жер қойнауын пайдалануға құқық алуға келісім-шарттарда конституциялық нормаларға сәйкес мемлекеттік тілді міндетті түрде пайдалану талабын белгілеу.

Осындай көзқарастың қажеттігі туралы өз өндірушілерін қолдау және өзінің мұнай-газ саласын дамытуда үлгі болған Норвегияның оңды тәжірибесіне сүйенуге болады.

Норвегияда «Мұнай туралы» Заңның 6 және 37-баптарында былай делінген: «Мұнайға қатысты қызметте мүмкіндігінше норвег тілі басым пайдаланылуға тиіс. Басқа тілдер қажетті немесе ақылға қонымды болған жағдайда қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы мүмкін».

Біз бұл мысалды тілдің дамуы мен дәрежесінде экономиканың орны ерекше екенін көрсету үшін келтіріп отырмыз.

Баршамызға мәлім Елбасымыздың тағдыршешуші тапсырмалары қоғамда қызу талқылануда.

Оның ішінде экономикамызды цифрландыру, тілімізді латын әрпіне көшіру сияқты бастамалары бар.

Бұл өте дұрыс бағыт, өйткені қазіргі заманда экономикада, бизнесте күнделікті сұранысқа ие тілдің ғана болашағы сенімді. Сонымен бірге цифрландыру мен латын әліппесі арқасында тіліміз де заманға сай жинақы, қолайлы болып дамуына мүмкіндік туады.

Қорыта айтатын болсақ, «Ақ жол» фракциясы Елбасының қазақ тілі туралы берілген тапсырмасын нақты орындау мақсатында, жоғарыда айтылған ұсыныстарымен қатар, Үкіметті, «Мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту туралы» заң жобасын дайындауға шақырады.

Құрметпен «Ақ жол» партиясының депутаттары

Б.Дүйсенбінов, А.Перуашев, Е.Барлыбаев,

М.Қазбекова, Е.Никитинская, Д.Еспаева, К.Абсатиров

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036