Ешкім жазықсыз жапа шекпеуі керек
Достарым, мұндай мәселеде, кесіп-пішті, әр түрлі алып қашпа әңгіме жүрмейді. Ол зертеліп, жан-жақты зерделеніп, тексеруден өту керек.
Кезінде, 1998 жылы "Заң газетінде" қызмет етіп жүргенде, қазіргі қалың көпшіліктің әңгімесіне арқау болып жатқан жағдайдай мәселені журналистік сараптама жасап, зерттеп-зерделеп мақала жазғанмын. Сонда, ақша табу мақсатында ұйымдастырылған оқиғадан екі жас жазықсыз жапа шеккен. Бұл өте күрделі жағдай. Ешкім жазықсыз жапа шекпеуі керек.
Әсіресе, телеарналар мен мерзімді басылымдағы журналист әріптестерім өте сақ болыңдар. Сонда, жазған мақаламда, о мәселені асығыс жазған кейбір телеарна мен белгілі газет тілшісінің атын атап, түсін түстеп , олардың асығыс хабар жүргізіп-жазғанын алға тартқанмын.
Сондықтан, сот үкімі немесе шешімінсіз артық ештеңе жазбаңдар. Ақпарат беріліп жатыр. Болды. Қалғаны арнайы сол мәселеге араласып жатқан жандар мен ұйымдар, органдар еншісінде. Ар -ожданында.
Аманхан Әлімұлы
Facebook-тегі парақшасынан