Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 7569 4 пікір 16 Наурыз, 2018 сағат 18:17

Елімізде әр 8-ші әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны болады екен

Елімізде әр 8-ші әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны болады екен. Бұл туралы белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы айтқан деп жазады «365info.kz» сайты.

Ләйлә Сұлтанқызы Республикалық «Әйелді аяла» акциясына қатысқан. Сол жерде айтқан.

«Әйел теңдігі әйел пікірімен санасудан басталады. Әйелге қол көтеру әлсіздіктің белгісі.  Ақылы бар, есі бар адам мұндайға бармайды. Елімізде әр 8-ші әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны болады екен. Үй-ішіндегі зорлық-зомбылықтан 400-ге жуық әйел көз жұмады. Бұл тек жылына ғана. Сұмдық қой!», - дейді тележүргізуші.

Айта кетсек, әзіргі күні елімізде бір жылға созылатын «Әйелді аяла» акциясы жүріп жатыр.

Шараның шеңберінде әйелдер мен қыздар үшін тең мүмкіндіктер, зорлық-зомбылықты алдын-алу, әлеуметтік және саяси белсенді әйелдердің жетістіктерін насихаттау жайлы бейнематериалдар дайындалатын болады.

Сондай-ақ әртүрлі сараптамалық кездесулер мен пікірталастар, тақырыптық фильмдер көрсетілімі, заманауи өнер көрмелері өткізіледі деп жоспарлануда.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1132
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2662
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746