Есімов «Нұр Отан» партиясының Алматы филиалының төрағалығына қайта сайланды
Алматы. 21 қаңтар. ҚазТАГ – «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының жұма күні кезекті IX-шы есеп беру-сайлау конференциясында Алматы әкімі Ахметжан Есімов партияның қалалық филиалының төрағасы болып қайта сайланды.
Сондай-ақ конференция барысында филиал саяси кеңесінің жаңа құрамы мен бюро мүшелері сайланды. Атап айтқанда, саяси кеңес құрамына «Рахат» АҚ бас директоры Анатолий Попелюшко, қазақ мемлекеттік консерваториясының ректоры Жания Әубакирова мен олимпиада чемпионы Ольга Шишигина енді.
«Нұр Отан» ХДП кезекті XII-ші съезіне Алматы қалалық партия ұйымынан 51 делегат сайланды. Филиалдың бақылау-ревизиялық комиссиясының есебі тыңдалып, ол ешқандай қарсылықсыз қабылданды. Сондай-ақ осы комиссияның жаңа құрамы бекітілді.