Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 5476 5 пікір 2 Мамыр, 2018 сағат 08:31

Cирияға кеттім...

Ұйықтап қалыппын. Керліп, созылып, «Аео!» деп есіней бергенім сол, стол үстіндегі әйелімнің тілдей қағазға жазып кеткен хабарламасына көзім түсіп кеттті де, біреу бүйірімнен ыңқ еткізіп бір ұрғандай, қарсы алдымда алпамсадай біреу тағы ұрғалы тұрғандай, тілім байланып, көзімнің алды лайланып, сылқ етіп отыра кеттім.

– Құрыдым, құрыдым, қаншығы өлген қасқырдай ұлыдым, ұлыдым! – дедім мен.

Ақсаңдай басып, шешем келді.

– Не болды балам?

– Ойбай, апа, келініңіз Сирияға қашып кетіпті!

– Көтек! Төркіні Сирияда емес еді ғой?

– Міне, жазып кетіпті: «Мен Сирияға кеттім! Сириядан келгенше сау бол!» депті.

Апам әбдіресін ашып, киіне бастады. Камзолын киіп, ақ жаулығын тартып...

– Ой, апа, қайда?

– Сирияға.

– Онда не бар сізге?

– Келінімді ертіп келемін!

– Сирия талтайсақ, табанымыз тиетін жер емес қой, ол соғыс болып жатқан мемлекет! Содырлар « жихад» дегенді ойлап шығарыпты! Келініңіз содырларға байға тиюге кетті!

– Не дейді? Сені тастап, жаман ырым бастап... – деген апам жылай бастады.

– Апа, әсіре діншілдер алдап алып кетті! Негізі, кем дегенде он байға тиетін болды! Бірінші байы болғаныма шүкір! Олар талақ айтып, бір-біріне сыйлыққа бере салады екен....

– Сириядан қайтып келсе, қатынсыз өтсең де, алма!

– Қазір қазақ қыздарының көбі Сирияда қорлықта жүр...

Осы кезде көршінің әйелі кірді де:

– Апа, Қаншайым керек еді, – деді.

– Сирияға кетіп қалды... – деді апам сүлесоқ.

– Кеткені несі? Кеше менен мың теңге қарыз алып еді...

– Сириядан келген соң береді де... – дедім мен.

– Шын айтып тұрсыңдар ма?

– Мә, сауатың бар шығар, оқы!

Көрші әйел оқыды да, көздерін жыпылықтатты.

– Жынды ма мына қатын?

– Халал жынды...

– Ағай, сізге обал болыпты...

– Иә, жесір еркекпін...

– Енді не істейсіз?

– Саған үйленемін.

– Қойыңызшы ағай... Апамнан ұятты...

– Апаң аң-таң. Күйеуің былтыр өлген. Сені аламын! – дедім ызаланып.

– Мен Сирияға кетпеймін... – деп сызыла қалды көрші келіншек. Бір кезде әйелім Қаншайым кіріп келді.

– Әй, қайда жүрсің? Сирияға кетемінің не? – деп дүрсе қоя бердім. Апам орнынан тұрып, келінін құшақтай алды. Жылап–сықтап. Сөйтсек, Сирияға емес, «Сиырға кеттім!» деп жазған екен ғой, сауатсыз! Қате жазыпты! Сиырымыз қорадан шығып кетіп, соны іздеп кетіпті! Сириясы құрысын! Қара қайыстай қатенем менің!

Мұхтар Шерімнің Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3503